16.06.2015, 11:17 3076

500 жаӊадан шақырылған сарбаз ҚР ҚК Иуе қорғанысы күштері Иуе шабуылына қарсы қорғанысыныӊ төрт әскери бөлімін толықтырды

ҚР ҚК Иуе қорғанысы күштерініӊ 97617 (Алматы облысыныӊ Первомайка кенті), 20709 (Алматы облысыныӊ Жетіген кенті), 97616 (Шығыс Қазақстан облысыныӊ Аягөз қаласы), 97638 (Шығыс Қазақстан облысыныӊ Серебрянск қаласы) әскери бөлімдерінде әскери ант қабылдау салтанатты рәсімі өтті

Астана. 16 Маусым. Kazakhstan Today - ҚР ҚК Иуе қорғанысы күштерініӊ 97617 (Алматы облысыныӊ Первомайка кенті), 20709 (Алматы облысыныӊ Жетіген кенті), 97616 (Шығыс Қазақстан облысыныӊ Аягөз қаласы), 97638 (Шығыс Қазақстан облысыныӊ Серебрянск қаласы) әскери бөлімдерінде әскери ант қабылдау салтанатты рәсімі өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бұл күні осы көктемде ҚР ҚК Иуе қорғанысы күштері Иуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлеріне мерзімді қызметке шақырылған 500-ге жуық бозбала салтанатты түрде әскери ант қабылдады. "ҚР Қарулы Күштерініӊ қатарына кірген Қазақстан Республикасыныӊ азаматы Отанға, халқына және ҚР Президентіне ант беруі тиіс. Бүгін сендер осынау үлкен жауапкершілікті мойындарыӊа алып, еліміздіӊ батыл қорғаушылары болуға ант бердіӊдер. Ер азамат үшін ант қабылдау өміріндегі мәӊгі есте қаларлық күн. Отанымыздыӊ рухты, қайсарлы Отан қорғаушылары болып, ата-аналарыӊыз бен туған-туысқандарыӊыздыӊ үкілеген үмітін ақтаӊыздар". - деді сөз соӊында ҚР ҚК ИҚК Иуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерініӊ қолбасшысы генерал-майор Нұржан Мұқанов. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Жас сарбаздарды 97617 әскери бөлімініӊ командирі полковник С.Телегенов, ҚР ҚК ИҚК Иуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерініӊ ардагерлер одағыныӊ мүшелері запастағы полковник М.Раджибаев, полковник Д.Кулик, Ауған соғысы ардагерлері одағыныӊ бастығы А. Амраев, сондай-ақ жас сарбаздардыӊ ата-аналары құттықтады.

Осы сәттен бастап жастар Қазақстан Қарулы Күштерініӊ қатарына ресми түрде қабылданды. Олар өздерініӊ туысқандарымен бір жылға қоштасып, алғаш рет бірыӊғай саппен әскери бөлімніӊ алаӊқайын адымдап өтті. Енді жігіттер күрделі әскери ғылымныӊ қыр-сырын меӊгеретін болады. Бір жылғы мерзімді қызметтен кейін бүгінгі сарбаздар келісімшарт бойынша әскери қызметшілер ретінде қазақстандық армия қатарын толықтыра алады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны