01.09.2016, 10:23 3176

500-ге жуық ұлан "Жас ұлан" республикалық әскери мектептерініӊ тәрбиеленушілері атанды

Биылғы жылы Астана, Алматы, Шымкент және Қарағанды қалаларындағы "Жас ұлан" төрт республикалық әскери мектебіне 497 ұлан оқуға түсті.

Астана. 1 қыркүйек. Kazakhstan Today - Биылғы жылы Астана, Алматы, Шымкент және Қарағанды қалаларындағы "Жас ұлан" төрт республикалық әскери мектебіне 497 ұлан оқуға түсті.

Бозбалаларға психологиялық тестілеуден, дене даярлығынан, медициналық куәландырудан және т.б. өтуге тура келді. 2015 жылдан бастап мектепке 9-сыныптан кейін қабылдайды. Оқыту бағдарламасына мемлекеттік және шетел тілдерін, әскери пәндерді оқу және күшейтілген дене дайындығы кіреді. Мектептіӊ біршама түлектері офицер атанып, қазіргі кезде Қазақстанныӊ Қарулы Күштерінде және өзге де әлеуетті құрылымдарда қызмет атқаруда.

Жыл сайын еліміздіӊ барлық аймағынан "Жас ұлан" республикалық әскери мектептеріне 70-тен бастап 100 балаға дейін оқуға түседі. Жасұландықтардыӊ дайындық деӊгейі жыл сайын өсіп келеді. Оқыту үдерісініӊ іс жүзіндегі маӊыздылығы жоғарлады, тәрбиеленушілердіӊ зияткерлік тұрғыда дамуына ерекше көӊіл бөлінеді. Барлық оқу-тәрбие процесі баланыӊ кішкентай кезінен бастап өз Отанына адал болуына, оны сүюге және ұлтжанды болуына баулуға бағытталған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны