10.07.2019, 19:16 10653

50 жастағы өзбекстандық есірткімен ұсталды

Табылған зат "марихуана" есірткі заты болуы мүмкін деген күдікпен, автокөлік жүргізушісі 50 жастағы өзбекстандық ұсталып, Сарыағаш аудандық полиция бөліміне тапсырылды, деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

Нұр-Сұлтан. 10 шілде. Kazakhstan Today - Сарыағаш шекара отрядының "Қазығұрт-авто" бөлімшесінде кеше кешкілік шекара наряды арнайы үйретілген қызметтік иттің көмегімен Қазақстаннан Өзбекстанға қарай өтіп бара жатқан "ДАФ"жүк көлігінің кузовы мен тіркемесінің аралығынан, полиетилен пакетке салынған салмағы 20 грамм көлеміндегі кептірілген қошқыл-жасыл түсті, өзіндік иісі бар, өсімдік текті зат тауып алды.

Табылған зат "марихуана" есірткі заты болуы мүмкін деген күдікпен, автокөлік жүргізушісі 50 жастағы өзбекстандық ұсталып, Сарыағаш аудандық полиция бөліміне тапсырылды, деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны