02.02.2015, 15:05 3671

5 ақпан күні бойы Астана қаласыныӊ 11 университетінде дәріс-таныстырылымдар өткізу жоспарланған.

Құрметті қонақ ретінде ҚР Президенті Икімшілігі жетекшісініӊ орынбасары Бағлан Майлыбаев шақырылған.

Астана. 2 ақпан. Kazakhstan Today - 2015 жылдыӊ 3-5 ақпан күндері, ҚР Президенті жанындағы "Қоғамдық келісім" республикалық мемлекеттік мекемесі ҚР Білім және ғылым министрлігімен бірлесе отырып, Қазақстан халқы Ассамблеясыныӊ Жылын және ҚР Конституциясыныӊ 20 жылдығын өткізудіӊ Ұлттық шаралар жоспары аясында, Астана қаласыныӊ барлық жоғары оқу орындарында "Қазақстан халқы Ассамблеясыныӊ 20 жылдық тарихы" тақырыбында дәріс-таныстырылымын ұйымдастырады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Дәріс-таныстырылым Қазақстан халқы Ассамблеясы Жылыныӊ салтанатты бастау алуына орайластырылған.

Дәріс мақсаты Н.Назарбаевтыӊ этносаралық толеранттылық және қоғамдық келісім қазақстандық үлгісініӊ танымалдылығын арттыру, отандық этносаясатты жүргізу тетіктерімен, ҚХА құрылу тарихымен, қазіргі кезеӊдегі міндеттерімен және қызметімен, конституциялық мәртебесімен таныстыру болып табылады.

Дәріс-таныстырылым 3 ақпан күні сағат 11.30-да ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясыныӊ (Абай көш., 33а, "көк зал") тыӊдаушылары үшін шымылдығын түреді. Дәрісті ҚР Парламенті Мәжілісініӊ депутаты, саяси ғылымдар докторы, профессор Қуаныш Сұлтанов, "Оберег" украин этномәдени бірлестігініӊ жетекшісі Тамара Ширмер оқиды.

Құрметті қонақ ретінде ҚР Президенті Икімшілігі жетекшісініӊ орынбасары Бағлан Майлыбаев шақырылған.

5 ақпан күні бойы Астана қаласыныӊ 11 университетінде дәріс-таныстырылымдар өткізу жоспарланған.

Дәріс берушілер ретінде ҚР Парламенті Мәжілісініӊ депутаттары, ҚХА Ғылыми-сараптамалық кеӊесініӊ мүшелері, Астана қаласындағы этномәдени бірлестіктердіӊ басшылары және белгілі қоғам қайраткерлері ойларын білдіреді.

Аталған дәрістер Қазақстан халқы Ассамблеясыныӊ Жылы бастау алмас бұрын өткізілетін кеӊ ауқымды ақпараттық-түсіндіру кампаниясы болмақ. Тиісті шаралар студент жастар ортасында этносаралық келісімді, толеранттылық пен қазақстандық патриотизмді нығайтуға бағытталған.

"Қоғамдық келісім" РММ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны