13.07.2015, 13:27 3501

5 институционалдық реформаны жүзеге асыру балаларға қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы әрекет ету шараларына септігін тигізбек - В.Калюжный

Қазақстан Президенті жариялаған 5 институционалдық реформаны жүзеге асыру балаларға қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы әрекет ету бойынша шаралар кешеніне оӊ әсер етеді, деп мәлімдеді бүгін ОКҚ брифингінде Ұлттық адам құқықтары жөніндегі орталық басшысы Вячеслав Калюжный

Астана. 13 Шілде. Kazakhstan Today - Қазақстан Президенті жариялаған 5 институционалдық реформаны жүзеге асыру балаларға қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы әрекет ету бойынша шаралар кешеніне оӊ әсер етеді, деп мәлімдеді бүгін ОКҚ брифингінде Ұлттық адам құқықтары жөніндегі орталық басшысы Вячеслав Калюжный, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Мемлекет басшысыныӊ заманауи мемлекет құру жөніндегі ұсынған 5 институционалдық реформасы барлығы үшін азаматтық, саяси, әлеуметтік және мәдени, экономикалық құқықтардыӊ кеӊ спектрін қамтамасыз етуді қарастырады, олар толық көлемде балаларға қатысты жүзеге асырылуы тиіс, ал бұл өз кезегінде балаларға қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы күрес шаралар кешеніне оӊ әсер етеді", - деді В.Калюжный, деп хабарлайды www.primeminister.kz тілшісі.

Оныӊ мәліметінше, ҚР-дағы адам құқығы бойынша өкілетті адамныӊ поштасына келіп түсетін өтініштердіӊ 7,5%-ы бала құқықтарыныӊ бұзылуына қатысты. Адам құқықтары жөніндегі өкілетті мекеме және ЮНИСЕФ жүргізген бірқатар кешенді зерттеулер балаларға қатысты зорлық-зомбылыққа дәлел.

"Осы зерттеулерге сәйкес балалардыӊ 66,3%-ы мектепте зорлық-зомбылыққа ұшырап, куә, құрбан болса, оған қоса балалардыӊ 23%-ы дене зорлық-зомбылығы, 20%-ы балалар арасындағы бопсалаушылық, 27%-ы мұғалімдер тарапынан дене жазаларыныӊ құрбандары болған", - деп атап өтті ол.

Статистикаға сәйкес әумесерлік мінез-құлықты балаларға арналған мекемелердегі дене мүшесін зақымдаушылық қаупі - 12,4%. Балалар үйінде аталған көрсеткіш 8%-ды, жетімдер үйінде 5%-ды құрайды.

Орталық басшысыныӊ айтуынша, бірқатар жағдайларда балаларға қатысты зорлық-зомбылық өзіне-өзі қол жұмсаушылықтыӊ себебі болып табылады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны