01.06.2018, 19:04 8386

5 мыӊнан астам жас алматылықтар оркестрлер парадына қатысты

Жаӊарған Жібек жолы бойындағы мерекелік шеруге 5 мыӊнан астам бала қатысты. Қайта жасалған Панфилов көшесініӊ бойымен барабаншылар, черлидерлер колонналары, үрлемелі оркестрлер мен би ұжымдары жүріп өтті.

Алматы. 1 маусым. Kazakhstan Today - Алматыда Балаларды қорғау күні балалар мен жасөспірімдердіӊ музыкалық оркестрлері мен ансамбльдерініӊ парады болды.

Жаӊарған Жібек жолы бойындағы мерекелік шеруге 5 мыӊнан астам бала қатысты. Қайта жасалған Панфилов көшесініӊ бойымен барабаншылар, черлидерлер колонналары, үрлемелі оркестрлер мен би ұжымдары жүріп өтті.

"Мұндай шаралар балалардыӊ бойында өзара ынтымақты және мектепке деген сенімді күшейтеді, екінші жағынан оқушылардыӊ шығармашылық және креативтік әлеуетін арттырады. Парад осымен екінші рет өтіп отыр, оған арнайы репертуар, ерекше аранжировкалар жасалды. Балалар бұл шараға бар ынталарымен дайындалды", - деді Білім басқармасы басшысыныӊ орынбасары Ләззат Жылкқбаева.

Қала тұрғындары мен қонақтары алдында отандық эстрада жұлдыздары, соныӊ ішінде Сәкен Майғазиев, Серік Ибрагимов, Нұрболат Абдуллин, Серікбол Сайлаубек, Бейбіт Кушкалиев, МузАрт Life, мектептіӊ "SMart" балалар хоры және көптеген басқалар өнер көрсетті. Еӊ кішкентай қонақтар үшін түрлі интерактивті ойындар мен конкурстар ұйымдастырылды.

Айта кетерлігі, 2 маусымда "Шымбұлақ" ТШК-да Family day ұйымдастырылады. Сағат 11.00-ден 12.30-ға дейін тау шаӊғысы курортындағы батуттар, скалодром, квадрацикл және понимен сырғанау, арқан паркі, теннис тегін болады.

Дәл осы күні сағат 11.00 ден 23.00-ге дейін ҚБТУ-дан төмен (Абылай хан - Қазыбек би - Панфилов - Ийтеке көшелерініӊ маӊы) "Тәтті Алматы" тағам жасаудыӊ отбасылық фестивалі өтеді, мұнда мегаполистіӊ танымал мейрамханалары алматылықтар мен қала қонақтарына тәтті тағамдар ұсынады.

Алдағы демалыс күндері қала тұрғындары мен қонақтары үшін Республика Сарайы алдындағы Абай алаӊында VI Халықаралық "The Spirit of Tengri" замнауи этникалық музыка фестивалі өтеді, оған 12 жақын және алыс шетелден келген артистер қатысады. Концерттер 2 және 3 маусымда сағат 17.00-де басталады. Кіру тегін.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны