05.04.2013, 12:03 3296

5 сәуір күні республиканың солтүстігі мен шығысында ауа райы жауынды-шашынды болады

2013 жылғы 5 сәуірде Қазақстанның басым аумағы антициклон ықпалында болғандықтан ауа райы жауын-шашынсыз болады, кей жерлерді жел күшейеді, елдің батысында шаңды дауыл соғады. Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Астана. 5-сәуір. Kazakhstan Today - 5 сәуір күні республиканың солтүстігі мен шығысында ауа райы жауынды-шашынды болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

2013 жылғы 5 сәуірде Қазақстанның басым аумағы антициклон ықпалында болғандықтан ауа райы жауын-шашынсыз болады, кей жерлерді жел күшейеді, елдің батысында шаңды дауыл соғады. Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.

"Қазгидромет" РМК мәліметтері бойынша, республиканың солтүстігі мен шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде жауын жауады, тұман түседі", - делінген ақпаратта.

Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстарында, күндіз Ақтөбе облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Маңғыстау, Атырау, күндіз Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел соғады, жел күші 15-20 м/с дейін жетеді, сондай-ақ, шаңды дауыл тұрады.

Жамбыл, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының кей аумақтарында түнде тұман түседі, күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде түнде жел соғады, күші 15-20 м/с, сондай-ақ, СҚО-ның кей аумақтарында тұман түсуі ықтимал.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны