16.05.2016, 17:52 3849

5 жылда ТҒӨО Тіндік типтеу зертханасында ағзалардыӊ транспланттау үшін донорлар мен реципиенттердіӊ сәйкестігі бойынша 536 зерттеу жүргізілді

Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығында 2011 жылы құрылған Тіндік типтеу зертханасында донор мен рецепиенттіӊ үйлесімділігін анықтау бойынша 536 зерттеу жүргізілді. Бұл 383 ағзаны ауыстырып отырғызу бойынша ота мен 153 сүйек кемігін ауыстырып отырғызу оталарын сәтті жасауға мүмкіндік берді.

Астана. 16 мамыр. Kazakhstan Today - Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығында 2011 жылы құрылған Тіндік типтеу зертханасында донор мен рецепиенттіӊ үйлесімділігін анықтау бойынша 536 зерттеу жүргізілді. Бұл 383 ағзаны ауыстырып отырғызу бойынша ота мен 153 сүйек кемігін ауыстырып отырғызу оталарын сәтті жасауға мүмкіндік берді. Транспланттауды күтіп жүрген пациенттер базасы мен гемопоэздік діӊ жасушалары донорларыныӊ тізімі жасалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Аталған зертханада өткізілетін транспланттаулар аясында сезімталдық (үйлесімділік) деӊгейін анықтау үшін донорлар мен реципиенттерді типтеу бойынша барлық зерттеу кешені жүзеге асырылады. Бүгінгі таӊда гемопоэздік діӊ жасушалары донорларыныӊ тізіміне 3,5 мыӊнан астам типтелген донорлар енгізілді.

Сонымен қатар, 2015 жылы Алматы қаласындағы Республикалық қан орталығында республиканыӊ оӊтүстік аймақтары мен еліміздіӊ ірі қалаларында ағзалардыӊ транспланттауын зертханалық сүйемелдеу мақсатында иммунологиялық типтеу зертханасы құрылды, 2015 жылы алматылық емханаларда барлығы 118 трансплантация, оныӊ ішінде мәйіттік донорлардан 18 ота жасалды.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны