Система Orphus

Ақмола облысында алимент бойынша қарыз 600 мың теңгеден асатыны анықталды

15.10.2019, 19:38 7696

Нұр-Сұлтан. 15 қазан. Kazakhstan Today - Ақмола облысында алимент төлемеген азамат 3 тәулікке қамауға алынды.

Мұндай жаза оған алименттерді өндіріп алу туралы сот шешімін орындамағаны үшін Көкшетау қалалық Әкімшілік сотының қаулысы бойынша тағайындалды.

Әкімшілік істі Көкшетау қалалық прокуратурасы кәмелетке толмаған үш баланы асырайтын облыс орталығы тұрғынының өтінішін қарау нәтижелері бойынша қозғалды.

Прокурорлар алимент бойынша қарыз осы жылдың 1 қазаны жағдайына 600 мың теңгеден асатынын анықтады.

Жалпы 2019 жылдың басынан бері осындай құқық бұзушылықтар үшін 20 алимент төлемеуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сот үкімін, сот шешімін немесе өзге сот актісін және атқару парағын орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 669-бабы бойынша 5 тәулікке дейін қамауға алу қарастырылған.

Алименттерді төлеуден 3 айдан астам жалтарған жағдайда санкциясы екі жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейтін Қылмыстық кодекстің 139-бабы бойынша жауапкершілікке әкеп соғады.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда, деп хабарлайды Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны