22.02.2021, 20:47 16956

65 жастан асқан қазақстандықтарға COVID-19-ға қарсы вакцина салдыруға рұқсат берілді

Нұр-Сұлтан. 22 ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстанда жасы 65-тен асқан қазақстандықтарға коронавирусқа қарсы вакцина салдыруға рұқсат берілді.
 

Таяуда қаулы жариялғанымды білесіздер. Сол құжатта жас шегі жағынан шектеуді алып тастадық. Алайда вакцинаны егде адамдарға салмас бұрын оларды жіті тексеру керек. Вакцина салынатын адамның дәл сол кезде ауруы болмауға тиіс", - деді Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов.

 
Еске сала кетсек, бүгін Ерлан Қиясов және аталмыш ведомствоның тағы бір вице-министрі Ажар Ғиният "Спутник V" вакцинасының екінші дозасын салдырған болатын.
 
Екпе денсаулық сақтау саласының жауапты басшыларына №6 қалалық емханада жүргізілді. Пациенттер вакцинаның алғашқы дозасынан кейін еш шағымы жоқтығын айтты.
 
Ерлан Қиясов пен Ажар Ғиният коронавирусқа қарсы вакцинаның алғашқы дозасын 1 ақпанда салдырған болатын. Вице-министрлерге ресейлік "Спутник V" вакцинасы егілді. Егуден бұрын олар тексеруден өтіп, вакцина салдыруға қарсы көрсетілімі жоқ екені анықталған. Бұл жолы да препаратты алдымен Ерлан Қиясов, одан кейін Ажар Ғиният алды.
 
Ақпарат көзі: inform.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны