27.11.2020, 21:43 29109

Әблязовтің сыбайласы Қазақстанға 6,3 млрд. теңге қайтарды

Бұл - Мәскеу қаласындағы ірі бизнес-орталығының құрылысына салынған және Әблязовтің бақылауындағы оффшорлық компанияға қайтарымсыз несие беру арқылы жымқырылған БТА Банкінің қаражаты болып табылады.

Алматы. 27 қараша. Kazakhstan Today - Әблязовтің сыбайласы Қазақстанға 6,3 млрд. теңге қайтарды.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ҚР Бас прокуратурасымен бірлесіп, "БТА Банкі" АҚ-ның директорлар Кеңесінің бұрынғы төрағасы Мұхтар Әблязов пен оның сыбайластарына қатысты сотқа дейінгі тергеуді жалғастыруда.

Қазіргі уақытта қылмыстық топ келтірген залалдың 6,3 млрд. теңгесі қосымша өтелді.

Бұл - Мәскеу қаласындағы ірі бизнес-орталығының құрылысына салынған және Әблязовтің бақылауындағы оффшорлық компанияға қайтарымсыз несие беру арқылы жымқырылған БТА Банкінің қаражаты болып табылады.

Қазақстанға сот төрелігінен жасырынып жүрген тұлғаларды экстрадициялау және өз еркімен қайтару, басқа қылмыстық эпизодтар аясында келтірілген залалды өтеу бойынша жұмыстар жалғасуда.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны