20.05.2013, 13:02 3514

6 айлық нәрестенің өліміне қатысты тексеру жүріп жатыр

Батыс Қазақстан облысы полицейлері Жалпақтал ауылында бесікте жатып шетінеген сәбидің өліміне қатысты тексеру жүргізіп жатыр.

Орал. 20-мамыр. Kazakhstan Today - 6 айлық нәрестенің өліміне қатысты тексеру жүріп жатыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Батыс Қазақстан облысы полицейлері Жалпақтал ауылында бесікте жатып шетінеген сәбидің өліміне қатысты тексеру жүргізіп жатыр.

Облыстық ІІД өкілінің хабарлауынша, алты айлық баланың шетінеп кеткенін алдымен анасы аңғарған көрінеді.

Мамандар жаялыққа оралып қалған балаға дем жетпей қалған болуы мүмкін деген болжам жасап отыр.

Қазір аталған фактіге қатысты тергеу жүріп жатыр. Мәйіт сот-медициналық сараптамаға жөнелтілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны