09.07.2014, 22:41 5465

6 жылда спортпен айналысатын ауыл халқының саны 1,7 есеге өсті

ҚР Спорт және дене шынықтыру агенттігінің хабарлауынша, 2007 жылы спорт және дене шынықтырумен айналысатын адамдардың саны 2,3 млн болса, 2013 жылы бұл көрсеткіш 3,9 млн-ға жеткен. Бұл дегеніңіз жалпы халықтың 23,2 пайызын құрайды.

Алматы. 9 шілде. Kazakhstan today. 2007 жылмен салыстырғанда 2013 жылы дене шынықтыру және спортпен айналысатын ауылдық жерлердегі азаматтардың саны 1,7 есеге артқан.

ҚР Спорт және дене шынықтыру агенттігінің хабарлауынша, 2007 жылы спорт және дене шынықтырумен айналысатын адамдардың саны 2,3 млн болса, 2013 жылы бұл көрсеткіш 3,9 млн-ға жеткен. Бұл дегеніңіз жалпы халықтың 23,2 пайызын құрайды.

2013 жылдың қорытындысы бойынша спортпен шұғылдану көрсеткіші Қарағанды облысында 27,9 пайыз, Қостанай облысы 27,2 пайыз, Павлодар облысында 26,5% дейгейінде. Ал спортпен айналысу көрсеткіші аз облыстар қатарында ОҚО (18%) мен Маңғыстау облысы (19,5%).

Ауылдық жерлердегі спортпен айналысатын халық саны 2007 жылғы 899,4 мыңнан 2013 жылы 1549,9 мыңға дейін артқан. Бұл өз кезегінде 1,7 есеге артқанның белгісі.

Хабарламада айтылғандай, 2013 жылдың қорытындысы бойынша ұлттық спорт түрлерімен айналысатын адамдар саны 250 229 құрайды. Ұлттық спорт түрлерін кеңінен тарату үшін 3 мыңнан астам жарыс ұйымдастырылған. 2013 жылы ұлттық спорт түрлері бойынша халықаралық ареналардан 139 медаль алынған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны