07.05.2012, 11:38 3088

700 мыңға жуық адам стационар таңдау еркіндігін пайдаланды

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Стационар таңдау еркіндігінің арқасында республикамыздағы халықтың барлық санаты үшін медициналық көмектің қолжетімділігі артты. Осылайша 698 мың адам емделу орнын таңдау еркіндігін пайдаланса, осы адамдардың 44 пайызы ауылда тұратын халық.

Астана. 7-мамыр. Kazakhstan Today - Бірыңғай денсаулық сақтау жүйесінің аясында 698 мың адам стационар таңдау еркіндігін пайдаланған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Стационар таңдау еркіндігінің арқасында республикамыздағы халықтың барлық санаты үшін медициналық көмектің қолжетімділігі артты. Осылайша 698 мың адам емделу орнын таңдау еркіндігін пайдаланса, осы адамдардың 44 пайызы ауылда тұратын халық.

Сонымен қатар азаматтардың 92 пайызы өзі тұратын өңірде ем қабылдаса, 2 пайызы басқа өңірлерде, 6 пайызы республикалық клиникаларда арнайы көмек алған.

Және де 2010 жылмен салыстырғанда, 2011 жылы күндізгі стационарлардағы ауруларға арналған төсек орны 18 пайызға көбейген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны