20.05.2015, 20:20 3630

70 жыл жер астында жатқан бомбаға байланысты 30 мыӊ адам эвакуацияланды

Ганноверден Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жарылмай қалған әуе бомбалары табылған. Осыған орай қаланыӊ 30 мыӊнан астам тұрғыны 19 мамыр күні кеште қауіпсіз жерге көшірілді. Қала тұрғындары үйлеріне жарылғыш заттар залалсыздандырылғаннан кейін ғана орала алады

Астана. 20 Мамыр. Kazakhstan Today - Германияныӊ Ганновер қаласында мыӊдаған тұрғын әуе бомбасыныӊ табылуына байланысты қауіпсіз жерге көшірілді. Бұл туралы ВВС хабарлады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Ганноверден Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жарылмай қалған әуе бомбалары табылған. Осыған орай қаланыӊ 30 мыӊнан астам тұрғыны 19 мамыр күні кеште қауіпсіз жерге көшірілді. Қала тұрғындары үйлеріне жарылғыш заттар залалсыздандырылғаннан кейін ғана орала алады, деп хабарлайды bnews.kz тілшісі.

Жергілікті баспасөз қызметініӊ деректеріне сүйенсек, салмағы 250 кг болатын бомба жер астында 70 жыл бойы жатқан. Қауіпті зат бұрынғы жоғарғы оқу орны ғимаратын бұзу кезінде табылды.

Мамандар бомбаныӊ қаншалықты қауіпті екенін нақты айта алмай отыр.

Жалпы, Германияда соғыс кезінен жарылмай қалған жарылғыш заттар жиі табылып жатады. Себебі, соғыс жылдары Ганновер одақтастардыӊ еӊ басты әуе нысаны болғаны белгілі. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде бұл қалаға тасталған жарылғыш заттыӊ саны 100 мыӊнан асып жығылады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны