22.05.2018, 11:14 4747

71-ші Канн кинофестивалінде Асанәлі Ишімов басты рөлді сомдаған фильмніӊ таныстырылымы өтті

- Мен павильонға қойылған қазақстандық кинотуындылардан ерекше әсер алдым. Исіресе қария мен жетім бала туралы баяндайтын "Аруақ" фильмін атап өткім келеді. Қазір біз қазақ әріптестерімізбен аталмыш фильмніӊ Италиядағы дистрибутциясы жөнінде келіссөздер жүргізіп жатырмыз, - деді италиялық кинопродюсер Флавио Донини.

Алматы. 22 мамыр Kazakhstan Today - ҚР Мәдениет және спорт министрлігініӊ тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы түсірген "Аруақ" фильмі 71-ші Канн кинофестивалінде ашылған Қазақстанныӊ ұлттық павильонында 18 мамырда таныстырылды және халықаралық кинофестивальдердіӊ іріктеушілері мен дистрибуторларыныӊ қызығушылығын тудырды.

- Мен павильонға қойылған қазақстандық кинотуындылардан ерекше әсер алдым. Исіресе қария мен жетім бала туралы баяндайтын "Аруақ" фильмін атап өткім келеді. Қазір біз қазақ әріптестерімізбен аталмыш фильмніӊ Италиядағы дистрибутциясы жөнінде келіссөздер жүргізіп жатырмыз, - деді италиялық кинопродюсер Флавио Донини.

Режиссер Қуат Ахметовтыӊ "Аруақ" фильмі тағдырдыӊ жазумен ұшырасқан қарт Ағатай мен жетім бала туралы баяндайды.

- Идея авторы Асанәлі Ишімов. Ол 2014 жылы маған елден шалғай тұратын жалғыз басты қарт туралы фильм түсіруді ұсынды. Асанәлі ағаныӊ ойы бойынша қария - дала философы, түрлі ғылымға қызығатын адам, - деді фильмніӊ режиссері Қуат Ахметов.

Фильм былтыр өндіріске жіберіліп, биыл көктемде аяқталған болатын. Түсірілімдер Алматы облысында, Іле өзені жағалауында өткен. Фильмніӊ сценарийін түркі елдерініӊ ертегілері мен аӊыз-әӊгімелері желісі бойынша Қуат Ахметов пен Одильша Агишев жазып шыққан.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігініӊ қолдауымен осымен екінші рет ашылып отырған Канн кинофестиваліндегі Қазақстанныӊ ұлттық павильоны отандық фильмдерді насихаттауға оӊтайлы алаӊ болып табылады.

Биыл павильондағы таныстырылымда "Қазақфильм" киностудиясы түсірген Джефф Веспаныӊ "Иміре", Болат Қалымбетовтыӊ "Талан" және басқа да жобалары презентацияланған.

"Аруақ" фильмі жайлы: Ағатай есімді қарттыӊ ешкімі жоқ. Сүйген жары қайтыс болған. Араларында балалары болмаған. Ағайын-туысқандары да қалмаған. Фильмге өз ортасынан безіп, далаға барып тұруды көздеген қарт кісініӊ өмірі арқау болған. Ийтсе де данагөй, пәлсапашыныӊ жолында балалар үйінен қашып шыққан Бөбек деген кішкентай, елгезек бала кезігіп, оныӊ бастапқы жоспарын бұзып кетеді.

Өндірісі: Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ

Ұзақтығы: 90 минут

Жанры: драма

Сценарий авторлары: Қуат Ахметов, Одильша Агишев

Қоюшы режиссері: Қуат Ахметов

Қоюшы операторы: Мұрат Нұғманов

Қоюшы суретшісі: Юлия Левицкая

Композиторы: Айша Оразбаева

Продюсері: Ержан Ахметов

Актерлер: Асанәлі Ишімов, Нұрмұхаммед Асқар, Жасұлан Көпбергенов, Нұржан Ибубәкір, Гүлнәр Дұсматова, Азат Сейтметов.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны