04.09.2018, 15:03 3709

75-ші мерейтойлық Венеция кинофестивалінде Қазақстан кинематографиясыныӊ презентациясы өтті

Италиян павильонында Қазақстан кинематографиясыныӊ презентациясы өтті

Алматы. 4 қыркүйек. Kazakhstan Today - 2018 жылдыӊ 2 қыркүйегі күні Венецияныӊ Лидо аралында 75-ші мерейтойлық Венеция кинофестивалінде отандық жаӊа кинотуындылар трейлерініӊ таныстырылымы болды. "Еуразия" Халықаралық кинофестивалініӊ дирекциясы ұйымдастырған іс-шара, Exselcior отелінде, Италия павильонында ҚР Мәдениет және спорт министрлігініӊ, Қазақстанныӊ Италиядағы елшілігініӊ қолдауымен өтті.

Мәдени іс-шараны "Еуразия" кинофестивалініӊ президенті Айман Мұсақожаева ашты.

"Біздіӊ фестиваль отандық киноны танытуға басымдық береді. Бүгін Қазақстан алғаш рет отандық кинематографты Венеция кинофестивалі аясында таныстырып отыр. Италиялық ANICA компаниясыныӊ халықаралық департаментініӊ басшысы Роберто Стабиле бізге павильон ұсынып, шарамызды өзкізе алдық. Бұл шара біздіӊ киномыз бен мәдениетіміздіӊ дамуына әсер ететіндіктен, қазақ кинематографистері мен мәдениет қайраткерлері үшін өте маӊызды оқиға болып отыр. Бұл шараныӊ киномызды, мәдениетімізді әлемге танытуда ықпалы зор. Ертеӊ Венеция кинофестивалінде Қазақстан атынан қатысып отырған Эмір Байғазинніӊ "Өзен" картинасыныӊ әлемдік премьерасы өтеді. Осы орайда, біз де отандық фильмдерімізді, оныӊ ішінде Байғазинніӊ фильмініӊ де трейлерін көрсетіп, таныстырдық",- деді "Еуразия" кинофестивалініӊ президенті Айман Мұсақожаева.

"Қазақстанды аш: аудиовизуалды дамытуға арналған жаӊа мүмкіндіктер" атты іс-шараға италиялық ANICA компаниясыныӊ халықаралық департаментініӊ басшысы Роберто Стабиле,Италияныӊ Қазақстандағы Сауда палатасыныӊ хатшы-кеӊесшісі Савина Корсари, Rai телекомпаниясыныӊ өкілі Карло Жантиле мен Италия мәдениет министрлігініӊ өкілі қатысты. Отандық киногерлер Самал Еслямова, Болат Қалымбетов, Тоқтар Қарсақбаев, Талғат Теменов, Санжар Мәдиев, Шыӊғыс Капин және Еуразия жобалар нарығында екінші орынды жеӊіп алған жас режиссер Асхат Кучинчиреков те іс-шараға қатысты.

Шарада мынадай картиналардыӊ трейлерлері көрсетілді: "Өзен" (реж. Э.Байғазин), "Ируақ" (реж.Х.Ахметов), "Иміре" (реж. Д.Веспа), "Талан" (реж. Б.Қалымбетов), "Ол" (реж. А.Сатаев), "Алмас қылыш" (реж. Р.Ибдрашев), "Анаға апарар жол" (реж. А.Сатаев), "Оралман" (реж. С.Құрманбеков), "Біздіӊ қаланыӊ кішкентай ханзадасы" (реж. Т.Теменов), "Шыӊырау" (реж. Ж.Жетіруов), "Жат" (реж. Е.Тұрсынов). Бұдан бөлек "Күлтегін" (реж. А.АИбілдинов), "Jumper" (реж. Арман Бейсембаев) және "Мұзбалақ" (реж. Т.Майдан, Т.Төлеуғазы) сынды анимациялық фильмдердіӊ трейлерлері шетелдік sale агенттерге ұсынылды.

Сондай-ақ, шара барысында ҚР Мәдениет және спорт министрілігі құрылтайшысы болып табылатын "Еуразия" кинофестивалі таныстырылады.

"Еуразия" кинофестивалініӊ Арт-директоры Диана Ашимова отандық кинематография жетістіктері және бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндіктері туралы толық ақпарат берді.

"Биыл біз алғаш рет "Venice production bridge" бағдарламасында, Астанада өткен фестиваліміздіӊ қонағы болған ANICA компаниясыныӊ өкілі, біздіӊ серіктесіміз Роберто Стабиленіӊ арқасында қатысып отырмыз. Біз отандық кино университеттерін, "Қазақфильм" киностудиясын, жеке меншік студияларды таныстырдық және отандық кинематографистер шетелдік инфесторларға ұсына алатын барлық қызмет түрлерін айттық. Сонымен қатар, біз шетелдік кинематографистермен біздіӊ режиссерлерді, актерлерді таныстырып, байланыс орнаттық",- деді Диана Ишімова.

Rai компаниясыныӊ өкілі Карло Жантиле қазақстандық картиналарды телеарналар арқылы көрсету мақсатында сатып алуға дайын екенін білдірді: Мен сіздердіӊ кинематографияларыӊызбен азын-аулақ таныспын. Өйткені мен сіздердіӊ Канндағы бағдарламаларыӊызды көргем.Бүгін мен көптеген трейлер көрдім. Түрлі жанрдағы фильмді көрдім. Меніӊше, қазақстандық киноны көбірек көрсетіп, таныстыру керек. Өзара ынтымақтастығымыздыӊ арқасында Rai телеанрасы үшін сіздердіӊ картиналарыӊызды сатып аламыз деп үміттенемін. Сіздердіӊ "Еуразия" кинофестивальдеріӊіз туралы трейлерді көріп, оныӊ ауқымына көзім жетті. Фестиваль өсіп келеді. Дамып жатыр. Фестивалдеріӊізде түрлі актерлер қонақ болған, болашақта италияндық актерлерді де сіздердіӊ фестивальден көреміз деп ойлаймын".

Сонымен қатар, презентация барысында "Сәттілік құдайы" атты итальян-қазақстан жобасын таныстырды. Дайындық үстінде тұрған аталған жобаны Alimatika srl компаниясыныӊ продюсер Алинда Сбраджа іске асырады. Ал фильмніӊ режиссері Тоқтар Қарсақбаев болмақ.

Презентация аяқталған соӊ, Санта Мария Елизаветта шіркеуінде Қазақ мемлекеттік оркестрі "Солистер академиясыныӊ" классикалық музыка концерті өтті. Концертте дирижер Бақытжан Мұсақожаеваныӊ сүйемелдеуімен скрипкашы, Қазақстанныӊ халық артисі және сирек дауысты контр-тенор Батыржан Смақов өнер көрсетті.

75-і Венеция кинофестивалініӊ "Көкжиек" атты конкурстық бағдарламасында Қазақстан атынан қатысып отырған Эмир Байгазинніӊ "Өзен" картинасыныӊ алғашқы көрсетілімі 4 қыркүйек күні фильм авторларыныӊ қатысуымен өтеді. Бұл картина ҚР Мәдениет және спорт министрлігініӊ тапсырысымен "Қазақфильм" АҚ, Emir Baigazin Production-де түсірілген. Бұдан бөлек, режиссер Эльдар Шибановтыӊ "Секс, қорқыныш және гамбургерлер" атты картинасы да кинофестивальдіӊ қысқа метражды фильмдер секциясында байқауға қатысып отыр. Аталған фильмніӊ алғашқы көрсетілімі 30 тамыз күні өткен. Алайда, фестивальге қатысып отырған фильмдердіӊ көрсетілімдері күн сайын фестиваль аяқталғанға дейӊн көрсетілетін болады.

Анықтама:

Венеция халықаралық кинофестивалі (итал. MostraInternazionaled'ArteCinematografica)- ертеден келе жатқан халықаралық кинофестивальдердіӊ бірі, әрі кинематография әлеміндегі маӊызды шара. Кинофестиваль жыл сайын (көбіне тамыз-қыкүйекте) Лидо аралында (Италия) екі аптаға жуық уақыт өткізіледі. Фестивальдіӊ негізі 1932 жылы итальян диктатор Бенито Муссолинидіӊ бастамасымен қаланған. Фестиваль тарихында екі рет кідіріс болды. Бірінші - Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде, екінші рет -1960 жылдары, бірақ көп уақытқа созылмады. Бүгінде Венеция кинофестивалі кино саласындағы жаӊа тенденцияларды анықтайды. 75-і халықаралық Венеция кинофестивалі 2018 жылдыӊ 29 тамызы мен 8 қыркүйегі аралығында өтеді.Негізгі конкурстыӊ қазылар алқасын өткен фетивальде "Су құрамы" фильмі үшін Алтын арыстан сыйлығын иеленген мексикалық режиссер Гильермо дель Торо басқарды. Дэмьен Шазеллдіӊ "Айдағы адам" картинасы фестивальдіӊ ашылуында көрсетіледі.

"Еуразия" -Халықаралық киноөндірушілер қауымдастығы (FIAPF) аккредиттеген Орталық Азиядағы еӊ ірі кинофорум. "Еуразия" кинофестивалі - біздіӊ еліміздіӊ мәдени жетістіктеріне әлем қызығушылығын арттыруға ықпал ететін имидждік іс-шаралардыӊ бірі. Фестиваль Канн, Венеция, Берлин және өзге де ірі халықаралық кинофестивальдердіӊ деӊгейіне жетуге талпынуда. Бұл фестивальдіӊ негізгі идеясы - ұлттық кинофильмдерді насихаттау.

Фестивальдіӊ негізгі мақсаттары - мәдени және ұлттық мүдделерді жүзеге асыру, Қазақстандағы киноиндустрияны қолдау, барлық жастағы көрермендердіӊ қызығушылығын арттыру, халықаралық ынтымақтастық, еуропалық және азиялық кинематографистер арасындағы киноөндірісті дамыту және мәдени алмасу.Өзініӊ 14 жылдық тарихында бұл кинофестиваль кеӊінен танылып, өз көрермендерін таба алды. Сондай-ақ, отандық кинематографистердіӊ әлемдік аренаға шығуына ықпал етті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны