16.03.2016, 16:57 3975

760-тен астам қазақстандықтар еӊбек және зейнетақы заӊнамалары бойынша ҚР ДСИДМ мамандарыныӊ кеӊесін алды

Естеріӊізге сала кетейік, ҚР Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығына арналған "Мәӊгілік Ел" Пойызы" жалпыреспубликалық акциясы 15 ақпанда басталып, ағымдағы жылдыӊ 18 наурызында Алматы қаласында аяқталады. Акция мақсаттарыныӊ бірі - халыққа құқықтық және әлеуметтік көмек көрсету болып табылады.

Астана. 16 наурыз. Kazakhstan Today - ҚР Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығына арналған "Мәӊгілік Ел" Пойызы" республикалық акциясыныӊ аясында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ мамандары 761 азаматқа кеӊес берді, оныӊ ішінде 452 адамға әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері (зейнетақыны есептеу, жұмыспен қамту, мүгедектік тобын анықтау, қосымша әлеуметтік көмек көрсету, "Жұмыспен қамту 2020 жол картасы" бағдарламасы бойынша несиелеу, "Өрлеу" бағдарламасына қатысу, мүгедектерді оӊалту және т.б.) бойынша түсіндіру шаралары жүргізілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

309 азамат еӊбек заӊнамасы (жеке еӊбек келісімшартын, ұжымдық келісімшартты жасау және оны тоқтату, сонымен бірге, азаматтық қызметшілер еӊбекақысыныӊ өсуі, еӊбекақыны төлемеу және т.б.) туралы кеӊес алды.

15 ақпан мен 15 наурыз аралығында "Мәӊгілік Ел" пойызы еліміздіӊ 12 өӊіріндегі 30 елді-мекенге барды. Бүгін "Мәӊгілік Ел" пойызы Жамбыл облысындағы Тараз қаласына келді.

Естеріӊізге сала кетейік, ҚР Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығына арналған "Мәӊгілік Ел" Пойызы" жалпыреспубликалық акциясы 15 ақпанда басталып, ағымдағы жылдыӊ 18 наурызында Алматы қаласында аяқталады. Акция мақсаттарыныӊ бірі - халыққа құқықтық және әлеуметтік көмек көрсету болып табылады.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны