04.02.2020, 19:37 4897

7 мың мүгедектен 90 млн. теңгеге заңсыз салық ұстап қалу фактілері орын алған

Мысалы, БҚО-да жеке дамыту бағдарламалары жоқ және оңалту іс-шараларынан қағылған 500-ден астам мүгедек баланың құқықтарын қалпына келтірдік.

Алматы. 4 ақпан. Kazakhstan Today - Бас прокуратурада өткен брифинг - 2019 жылғы жұмыс қорытындылары мен прокуратура органдарының негізгі функцияларына, жоғары қадағалаудың маңыздылығына арналды.

Ресми өкіл Оксана Петерс мәлім еткендей, өткен жылы анықталған бұзушылықтар бойынша әртүрлі жауаптылыққа 19 мың адам тартылды. Мемлекетке 32 млрд. теңге қайтарылған. Прокурорлардың қолдаухаттары мен наразылықтары бойынша азаматтық және әкімшілік істер бойынша 1025 сот актілерінің күші жойылды және өзгертілді.

Брифингте мүгедектердің, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі балалардың құқықтары қалай сақталатыны айтылды.

"7 мың мүгедектен 90 млн. теңгеге заңсыз салық ұстап қалу фактілері орын алған. Ұзақ уақыттан бері мүгедек балаларды оқытатын мектептердің 30 мыңнан астам мұғаліміне - заң бойынша тиесілі 40% пайыз мөлшерінде үстемеақы төленбей келген. Біздің араласуымыздан кейін қазір бұл төлемдер іске асырылуда",- деді Оксана Петерс.

Бас Прокурордың Нұсқауы бойынша балаларға қарсы қылмыстар мен зорлау қылмыстарын тергеп-тексеруге және ашуға маманданған 96 жедел тергеу тобы құрылды. Олардың құрамында тәжірибелі тергеуші және прокурор әйелдер бар. Мұндай істерді тергеп-тексеру әдістемесі әзірленген. Нәтижесінде жыныстық қылмыстарды тергеп-тексеру тиімділігі 42% өсті.

Қазақстандық және шетелдік жұмыскерлер арасында еңбекақы төлеудегі тепе-теңсіздіктің 500 -ге жуық фактісі анықталған. Барлық заң бұзушылықтар бойынша тиісті шаралар қабылданған.

Өткен жылы прокурорлар қызметтік үй-жайлардан 752 адамды босатты. 295 адамды негізсіз қудалауды тоқтатқан. Тергеп-тексеруді тоқтату және мерзімдерін үзу туралы 16 мыңнан астам қаулының күші жойылған.

Прокурорлардың шаралары бойынша бір жарым мыңдай азаматқа қатысты үкімдер қайта қаралды.

Бұл ретте 572 сотталған адамның жағдайы жақсарды, яғни олардың жазасы мен айыптау көлемі төмендетілді. Бас прокуратураның бастамасымен 41 адам ақталған.

Есеп беру жиынында ҚР Бас прокуроры сөз сөйледі.

Ол өз сөзінде былай деді:

Қайырлы күн, ардақты ағайын!

Біздің брифингіміз прокуратура органдарының өткен жылғы жұмыс қорытындыларына арналған.

Конституция бойынша бізге 3 негізгі функция бекітілген.

Бірінші. Бұл заңнамада көзделген шектер мен нысандарда заңдылықтықтың сақталуын тікелей жоғары қадағалау.

Екіншісі. Сотта мемлекет мүдделерін білдіру.

Және үшінші функция - қылмыстық қудалау.

Прокуратура, Президентке есеп беретіндіктен, бірде-бір билік тармағына жатпайды және олардан тәуелсіз әрекет етеді.

Енді әрбір бағытқа толығырақ тоқталып өтейін.

*****

Қылмыстық қудалау саласында Біз екі бағыт бойынша әрекет етеміз.

Жазаның бұлтартпаушылығы принципін қамтамасыз етеміз, яғни полициямен және басқа да қылмыстық қудалау органдарымен бірге қылмыскерлердің жазалануына қол жеткіземіз.

Екіншіден, процеске барлық қатысушылардың - жәбірленушілердің, куәлардың, күдіктілер мен айыпталушылардың құқықтары бұзылмауын қадағалаймыз.

Мысалы, былтырдың өзінде қызметтік үй-жайлардан 752 адам босатылған. 295 адамды негізсіз қудалауды тоқтаттық.

Тергеушілер мен жедел қызметкерлердің әрекеттері мен шешімдерінің заңдылығын тұрақты тексереміз. Егер бұзушылықтарды байқасақ, дереу шаралар қолданамыз.

Мысалы, тергеп-тексеруді тоқтату және мерзімдерін үзу туралы 16 мыңнан астам қаулының күшін жойдық.

Осы саладағы бұзушылықтар үшін прокуратура актілері бойынша құқық қорғау органдарының 6 мыңға жуық қызметкері тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

Прокурор сотта мемлекеттік айыптауды қолдап қана қоймайды. Оның міндеті - сотта іс қараудың заңдылығын қамтамасыз ету. Егер үкіммен келіспесе, онда қолдаухаттары мен наразылықтарын енгізеді.

Біздің шараларымыз бойынша бір жарым мыңдай азаматқа қатысты үкімдер қайта қаралды. Бұл ретте 572 сотталған адамның жағдайы жақсарды, яғни олардың жазасы мен айыптау көлемі төмендетілді. Біздің бастамамыз бойынша 41 адам ақталып шықты.

*****

Жалпы, соңғы жылдары қылмыс деңгейі төмендеп келеді.

Бұл құқықтық тәртіп органдарының ғана емес, сондай-ақ әрбір азаматтың еңбегі. Біз қоғамның кез келген құқық бұзушылықтарға төзбеушілігін қалыптастыруға тырысып келеміз.

Айта кету керек, соңғы 20 жылда адам өлтіру саны үш есеге қысқарған. Егер 2000-шы жылдардың басында 2,5 мың адам өлтіру орын алса, соңғы жылдары-бір мыңға да жетпейді.

Егер былтырғы жылмен салыстырсақ, қылмыстардың саны 17%-ға төмендеген.

Адам өлтіру, тонау, қарақшылық, қорқытып алу, бұзақылық, көшедегі қылмыстылық саны азайды.

Соңғы кездері орын алған балаларға зорлық-зомбылық көрсету, зорлау, кісі өлтіру фактілері қоғамда резонанс туғызды. Бірде бір жағдай құқық қорғаушылардың назарынан тыс қалмайды.

Қылмысты жасыру фактілері ереше назарда. Тіпті қылмыстық жауаптылыққа тартуға дейін ден қоямыз. Бұл ретте қатардағы прокурорлардан ғана емес, олардың басшыларынан да сұраныс жоғары.

Мысалы, Қостанай облысында ауыр қылмысты жасырған аудандық полиция бөлімдері бірінің бастығы сотталды.

Сондықтан, жасыруды, асыра пайдалануды, бұрмалауды мейлінше азайту үшін біз қылмыстық қудалау органдарымен бірге қылмыстық процеске цифрлік технологияларды белсенді түрде енгізудеміз.

Мысалы, 47 мыңнан астам қылмыстық іс- электрондық форматта тергеп-тексерілуде, бұл барлық істердің 20 %-ы.

*****

Криминалдық ахуал Мемлекет басшысының тұрақты бақылауында.

Президенттің тапсырмасы бойынша біз Үкіметпен бірлесіп бірқатар ауыр әрекеттер үшін жазаны күшейтіп қана қоймай, сондай-ақ олармен күресу жөнінде ұйымдастыру шараларын қабылдадық.

Біздің Үйлестіру кеңесінде олардың тергеп-тексерілу сапасы, мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылдың тиімділігі және профилактиканың, яғни алдын алудың жай-күйі егжей-тегжейлі талқыланды.

Қадам сайынғы, арнайы жоспарларды бекіттік. Жауапты адамдар белгіленген. Қазір олар жұмысқа белсене кірісті. Біз барлық шаралардың орындалуын бақылауда үстаймыз.

Нәтиже бар.

Бас Прокурордың Нұсқауы бойынша балаларға қарсы қылмыстар мен зорлау қылмыстарын тергеп-тексеруге және ашуға маманданған 96 жедел тергеу тобы құрылды. Олардың құрамында тәжірибелі тергеуші және прокурор әйелдер бар.

Сондай-ақ мұндай істерді тергеп-тексеру әдістемесін әзірледік.

Нәтижесінде жыныстық қылмыстарды тергеп-тексеру тиімділігі 42% өсті.

Қоғамдық мүдделерді қорғау - бұл да қадағалаудың тағы бір маңызды бағыты.

Біз тексерулерге шығамыз, талап арыздар береміз, мемлекеттік органдардың заңсыз шешімдеріне наразылықтар енгіземіз немесе олардың атына заң бұзушылықтарды жою туралы ұсынулар жолдаймыз.

Әрбір салада уәкілетті орган бар. Алайда, ол тиісті деңгейде жұмыс істемесе, немесе онда мүдделер қақтығысы орын алса, немесе көп шағымдар жасалса, оған прокурор араласады, қажет болса қылмыстық жауаптылыққа дейін шаралар қолданады.

"Нұрлы Жол" бағдарламасының іске асырылуын, су шаруашылығы объектілерін, жерлердің нысаналы пайдаланылуын тексердік.

Айналымға ауданы 800 мың гектардан асатын 5 мыңнан астам жер учаскесін қайтардық.

Жымқыру схемаларын анықтадық. Бірқатар қылмыстық істер қозғалды, оларды тергеп-тексеру бақылауға алынған. Мемлекетке шығынды өтеу бойынша шаралар қабылдануда.

Анықталған бұзушылықтар бойынша әртүрлі жауаптылыққа 19 мың адам тартылды. Мемлекетке 32 млрд. теңге қайтарылған.

Прокурорлардың қолдаухаттары мен наразылықтары бойынша азаматтық және әкімшілік істер бойынша 1025 сот актілерінің күші жойылды және өзгертілді.

*****

Бізде азаматтардың әлеуметтік әлсіз санаттарының құқықтарын қорғау- әрдайым басымдыққа ие.

Өткен жылы мүгедектердің, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі балалардың құқықтары қалай сақталатынын тексердік.

Нәтижесінде мүгедек жандардың өздеріне тиесілі көмекпен, техникалық көмекші құралдармен қамтамасыз етілмеу фактілерін анықтадық.

Мысалы, БҚО-да жеке дамыту бағдарламалары жоқ және оңалту іс-шараларынан қағылған 500-ден астам мүгедек баланың құқықтарын қалпына келтірдік.

7 мың мүгедектен 90 млн. теңгеге заңсыз салық ұстап қалу фактілері орын алған.

Ұзақ уақыттан бері мүгедек балаларды оқытатын мектептердің 30 мыңнан астам мұғаліміне - заң бойынша тиесілі 40% пайыз мөлшерінде үстемеақы төленбей келген.

Біздің араласуымыздан кейін қазір бұл төлемдер іске асырылуда.

Тағы айта кететіні, құқық қорғау органы ретінде прокуратураның бірегейлігі - бұл шектелмеген адамдар тобының құқықтарын- бір ғана қадағалау актісімен қалпына келтіру.

*****

Еліміздің өңірлерінде еңбек құқықтарының сақталмауына қатысты мәселелер көтерілген. Біздің азаматтарымыз шетелдік мамандармен салыстырғанда жалақыдағы және еңбек жағдайларындағы айырмашылықтарға ашынған.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша біз Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігімен бірге шетелдік қатысу үлесі бар 100-ге тарта кәсіпорынды тексердік.

Қазақстандық және шетелдік жұмыскерлер арасында еңбекке ақы төлеудегі тепе-теңсіздіктің 500 -ге жуық фактісін анықтадық. 172 - шетелдік рұқсат етілмеген жұмыстарды орындаған.

*****

Жалпы өтініштерге келетін болсақ - бұл мемлекеттік органдардың негізгі жұмыстарының көрсеткіші.

Бұл жұмысты біз Мемлекет басшысының "Еститін мемлекет" тұжырымдамасына сәйкес жүргіземіз.

Біздің міндетіміз- әрбір адамды мұқият тыңдау және бұзылған құқықтарын қалпына келтіру үшін барынша күш салу. Әр облыстық прокуратурада құқық қорғау орталықтары ашылған. Былтырғы жылы 60 мыңнан астам азамат көмекке жүгінген. Сондай ақ бірқатар облыста арнайы азаматтарды қабылдау орталықтары ашлыған. Онда кез келген адам өзіне қажетті заңдық көмек ала алады.

*****

Прокуратура органдарының жұмыс қорытындылары былтыр желтоқсанда өткен алқа мәжілісінде талқыланды.

Алдағы кезеңге қойылатын міндеттер айындалған.

Облыстардың прокурорлары жергілікті мәселелерді шешуге, кез келген заң бұзушылықтарды алдын ала жоюға бағдарланған.

Назарларыңызға рақмет!

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны