04.05.2015, 13:58 3839

7 жасар бала қазылған шұӊқырға түсіп кетіп, көз жұмды

2 мамырда қала маӊындағы Құрсай поселкесінде жеті жасар бала көршініӊ септигіне батып кетті

Астана. 04 Мамыр. Kazakhstan Today - 2 мамырда қала маӊындағы Құрсай поселкесінде жеті жасар бала көршініӊ септигіне батып кетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қаза болған баланыӊ туыстары мен көршілерініӊ айтуынша, ол көрші көшелердіӊ бірінде тұратын репетиторға кеткен. Бүлдіршін әдеттегіден ұзағырақ кешіккен соӊ, анасы іздеуге шығады. Ол іргелес көшелердіӊ бәрін жүгіріп айналып келіп, қайтадан баласыныӊ жүретін жерін шарлап шығады. Сөйтіп көрші үйдіӊ лас сулары құйылатын құдықтыӊ ашық жатқан қақпағыныӊ жанынан баласыныӊ арқа қоржынын көреді. Қорқынышты күмән расталады. Анасы өз қолымен ұлын шығарып алып, оншақты метр жердегі үйіне жеткізеді. Ересектер баланы қолда бар құралдардыӊ бәрімен тыныс алдырмақ болады, бірақ өте кеш еді, деп хабарлайды azh.kz тілшісі.

Отбасы тұӊғыштарынан айырылды, кішкентай Илиханныӊ 4 жасар қарындасы қалды.

ІІД баспасөз қызметініӊ жетекшісі Гүлназира МҰХТАРОВА қайғылы оқиғаға қолданыстағы талапты бұзып, жеке ауланыӊ аумағынан тысқары және қауіпсіздік нормалары бұзылып салынған септик қожайындарыныӊ сорақы жауапсыздығы себеп болды деп есептейді. Шындығында, көршілердіӊ айтуынша, бір аулаға салынған екі үлкен екі үйдіӊ лас сулары құйылатын септик, қазіргі жағдайда - көшеде тереӊдігі 2 метрей тереӊдікте қазылған шұӊқырдыӊ ернеуі үлкен автошинамен көмкерілген, ал қақпақтыӊ орнына ағаш дөӊгелекпен жабылған.

Кейбіреулер баланы ештеӊемен бекітілмеген қақпақтыӊ шетінен басып қалып, өз салмағымен ішіне түсіп кеткен шығар деп жорамалдайды. Бәлкім, сол күні оныӊ беті ашық қалып (көз көргендер оныӊ үстіндегі ракушеблок кесегі мен ескерту лентасы қайғылы оқиғадан кейін пайда болғанын растайды), бала оған әлденесін түсіріп алып, оны алмақ болған шығар...

Қайғыдан қан жұтқан отбасы әзірге ешқандай шағым, соныӊ ішінде қылмыстық іс қозғау туралы арыз берген жоқ. Бүлдіршінніӊ өлімініӊ себебін егер тағайындалатын болса, тергеу ісі анықтайтын болар. Алайда, Атырау қаласыныӊ маӊындағы бұл аумақ миналы алаӊға ұқсайды, дәлірек айтқанда, осы жақтағы барлық балақайларға арналған септик алаӊы деуге болады. Қайғылы оқиға болған жерді іздеп жүріп, мен Құрсайдыӊ дұшпандар бомбалап кеткендей ойлы-қырлы көшесінен әлдебір қаӊылтырдыӊ, шифердіӊ кесектерімен, тақталармен болар-болмас жабылған ондаған сасық иісті шұӊқырларды көрдім. Елсіз көшелерден тәй-тәй басқан жалғыз-жарым жүрген сәбилерді көруге болады. Бұл жерде көлік жолдары жоқ, сондықтан адамдар балалары үшін аса қауіптене қоймайтын болуы керек. Ал беттері нашар жабылған шұӊқырлардан, шамасы, қауіпті байқамайтын секілді. Меніӊше, лас сулар құйылған шұӊқырлары бар осы көшелерден қас қарая жаяу серуендемек түгілі, көлікпен күндіз жүрудіӊ өзі қорқынышты. Кішкентай Илихан тұрған Құбаш Мұқашұлы көшесінен кейінгі көшеде ешқандай белгісі жоқ, қоршалмаған және жабылмаған құдық үӊірейіп тұр. Оныӊ люгі көптен бері жоқ болса керек. Қызық, коммуналдық қызметкерлер оныӊ бар екендігінен хабары бар ма екен? Ауласына көз тастадым (бұл маӊда жеке құрылыс қарқынды жүргізілуде, сондықтан бұл жерде аулалардыӊ көпшілігі әлі дұрыс дуалдармен, тиісінше қақпалармен жарақталмаған), ол жерді балабақша деуге болады, 2-4 жастағы он шақты бала ойнап отыр екен. Құрылыс материалдары үйілген аулада кішкентай бүлдіршіндер салынып бітпеген үйдіӊ маӊында жүр, ал ауланыӊ алдында әлгі құдық тұр.

Ал көрші көшеде қисынсыз әрі өте қорқынышты өліммен қаза болған сәбиді жерлеу рәсіміне әзірленуде.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны