29.09.2016, 12:47 4719

7 жасынан бері 40 шақты ертегі жазған қызылордалық ертегіші қызға Елбасы кітап сыйлады

Қиялы жүйрік, ойынан ертегі құрастыратын Алтынай есімді балғын қыз Қызылордада тұрады. Өскенде ақын, жазушы болуды армандайтын Алтынай Берік 7 жасынан ертегі жазып келеді, деп хабарлады Қызылорда облысы әкімдігініӊ баспасөз қызметі.

Астана.29 қыркүйек. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы қызылордалық жас ертегішіге кітап сыйлады.

Қиялы жүйрік, ойынан ертегі құрастыратын Алтынай есімді балғын қыз Қызылордада тұрады. Өскенде ақын, жазушы болуды армандайтын Алтынай Берік 7 жасынан ертегі жазып келеді, деп хабарлады Қызылорда облысы әкімдігініӊ баспасөз қызметі.

Бүгінде оныӊ топтамасында 40-қа жуық ертегі бар. Көбісі жан-жануарлармен байланысты. Мәселен, "Ақ көжек", "Мөлдір бұлақ", "Қызыл қораз", "Түйе", "Қамқорлық" және т.б.

"Бүгінде түрлі облыстық, республикалық байқаулардыӊ жеӊімпазы Алтынай алғашқы жүлдесін "Жас өркен" серіктестігі ұйымдастырған "Үш бәйтерек" жылына арналған бәйгеге қатысып, Алматыдан алып қайтты. Көп балалы отбасында Алтынай екінші бала. №267 мектептіӊ 5 сынып оқушысы. Оқуда озат, - дейді әжесі Шолпан Шәріпбайқызы.

Айта кетейік, жуырда Алтынай Елбасына Конституция күнімен құттықтап, хат жолдады. Мемлекет басшысы құттықтауы үшін алғысын білдіріп, сый ретінде "Еуразия жүрегінде" кітабын жіберді. Ал Алтынайдыӊ ертегісін кез келген республикалық балалар журналынан тауып оқуға болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны