06.03.2013, 11:29 4025

8 наурызда елімізде ауа райы ашық болады

8 наурыз күні Қазақстанның басым аумағында ауа райы ашық болады. Бірақ, түнгі уақытта Қазақстанның орталық, шығыс және батыс аймақтарында ауа температурасы -20,-25 градусқа дейін төмендеуі мүмкін. Бұл туралы Қазгидрометтің қысқа мерзімді болжам басқармасының бастығы Маржан Құсайынова хабарлады.

Астана. 6-наурыз. Kazakhstan Today - 8 наурызда елімізде ауа райы ашық болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

8 наурыз күні Қазақстанның басым аумағында ауа райы ашық болады. Бірақ, түнгі уақытта Қазақстанның орталық, шығыс және батыс аймақтарында ауа температурасы -20,-25 градусқа дейін төмендеуі мүмкін. Бұл туралы Қазгидрометтің қысқа мерзімді болжам басқармасының бастығы Маржан Құсайынова хабарлады.

"8 наурызда республиканың басым аумағы антициклон ықпалында болады, яғни ауа райы ашық болады, бірақ түнгі уақытта Қазақстанның орталық, шығыс және батыс аймақтарында ауа температурасы -20,-25 градусқа дейін төмендеуі мүмкін. Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Павлодар облыстары батыс циклон ықпалында болады. Ауа райы бұлтты болады, кей жерлерде қар жауады, боран соғады. Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарында ауа райы ашық болады. Ал Алматы мен Жамбыл облысы оңтүстік циклон ықпалында болғандықтан ауа райы бұлтты болады. Алматының кей жерлерінде түнде жаңбыр мен қар жаууы мүмкін. Сондай-ақ, тұман түсіп, көктайғақ болады. Ауа температурасы 0-4 градус жылы болады", - деп хабарлады Маржан Құсайынова.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны