14.01.2015, 09:38 5625

90 000-нан астам қазақстандық биыл әскер қатарына шақыру пункттеріне тіркелетін болады

Қорғаныс істері жөніндегі басқармалар (бөлімдер) ағымдағы жылдыӊ қаӊтар-наурыз айларыныӊ аралығында "Искери қызмет және әскери қызметшілердіӊ мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заӊыныӊ 16-бабына сәйкес азаматтарды әскер қатарына шақыру учаскелеріне тіркеу жүргізеді. Биыл 1998 жылы туған жасөспірімдер тіркеуге жатады

Астана. 14 қаӊтар. Kazakhstan Today - Қорғаныс істері жөніндегі басқармалар (бөлімдер) ағымдағы жылдыӊ қаӊтар-наурыз айларыныӊ аралығында "Искери қызмет және әскери қызметшілердіӊ мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заӊыныӊ 16-бабына сәйкес азаматтарды әскер қатарына шақыру учаскелеріне тіркеу жүргізеді. Биыл 1998 жылы туған жасөспірімдер тіркеуге жатады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Тіркеу науқаны барысында азаматтар әскери есепке алынып, болашақ әскер қатарына шақырылушылардыӊ саны анықталады. Сонымен қатар жастардыӊ білімі, алған мамандығы, дене даярлығы ескеріле отырып олардыӊ әскери қызметке жарамдылығы айқындалады, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігініӊ баспасөз қызметінен.

Бозбалалар медициналық тексеруден өтіп, емдеуді немесе медициналық бақылауды қажет ететін жастармен емдеу-сауықтыру іс-шаралары жүргізіледі.

Денсаулық жай-күйі және басқа да қабілеттері бойынша жарамды деп танылған әскер қатарына шақырылушыларға әскери оқу орындарында, Қорғаныс министрлігініӊ мамандандырылған ұйымдарында білім алу ұсынылатын болады.

Балалар үйлерініӊ, жетім балалар мектеп-интернаттарыныӊ тәрбиеленушілеріне, көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға ерекше көӊіл бөлінеді.

Тіркеу науқаны барысында бозбалалармен сұхбаттар өткізіліп, олар Қарулы Күштердіӊ дамуы туралы, әскери қызметтіӊ келешегі, қазақстандық әскерлердіӊ халықаралық оқу-жаттығуларға, бітімгершілік операцияларына қатысуы туралы барлық қажетті ақпаратты алады.

2015 жылы әскер қатарына шақырылушылар Ұлы Жеӊістіӊ

70 жылдығы атап өтілетін жылда Отан қорғаушылар қатарын толықтыратын болады. Бұл Ұлы Жеӊіске Екінші дүниежүзілік соғыстыӊ жылнамасына өз есімдерін мәӊілікке қалдырған қазақстандықтар да қомақты үлес қосты.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны