07.07.2015, 10:52 3546

914 күн бой тіркеусіз жүрген әйел

Шекара қызметініӊ "Айша-биби - автомобильдік" бақылау-өткізу бекетініӊ наряды (Жамбыл облысы, қазақ-қырғыз шекарасы) Қазақстанныӊ көші-қон заӊдылығын бұзған 50 жастағы Өзбекстан азаматшасын ұстады

Астана. 07 Шілде. Kazakhstan Today - Шекара қызметініӊ "Айша-биби - автомобильдік" бақылау-өткізу бекетініӊ наряды (Жамбыл облысы, қазақ-қырғыз шекарасы) Қазақстанныӊ көші-қон заӊдылығын бұзған 50 жастағы Өзбекстан азаматшасын ұстады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Елімізден Қырғыз Республикасына жаяулатып кетіп бара жатқан азаматшаныӊ құжаттарын тексергенде оныӊ елімізде 914 күн бойы заӊсыз жүргендігі анықталды.

Аталған дерек бойынша материалдар ҚР Икімшілік-құқықбұзушылық кодексініӊ 514-бабыныӊ 4- тармағы бойынша Тараз қаласыныӊ көші-қон полициясыныӊ қызметкерлеріне берілді.

ҚР ҰҚК Шекара қызметініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны