06.05.2013, 17:28 6288

9 мамыр күні Алматыда жаңбыр жауып, жел соғады

9 мамыр күні Алматыда жаңбыр жауып, жел соғады, түнде ауа температурасы +12 градусқа дейін, күндіз +24 ИC дейін жоғарылайды, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.

Алматы. 6-мамыр. Kazakhstan Today - 9 мамыр күні Алматыда жаңбыр жауып, жел соғады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

9 мамыр күні Алматыда жаңбыр жауып, жел соғады, түнде ауа температурасы +12 градусқа дейін, күндіз +24 ИC дейін жоғарылайды, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.

7-8 мамырда ауа райы жауын-шашынсыз болады, түнде температура + 7-10 ИC дейін жетеді, күндіз 26 ИC дейін жоғарылайды.

Қазгидромет ақпараты бойынша, күн жылынады, дегенмен жаңбыр жаумаса су деңгейі көтерілмейді.

"Тауларда қар көп, қар және жаңбыр көп жауды. Күн қатты жылынып, нөсер жаңбыр жауған жағдайда су тасуы мүмкін. Дегенмен, нөсер жаңбыр әзірше жаумайды, ал аз жаңбыр су тасқынына әкелмейді", - деп хабарлады гидрологиялық болжамдар басқармасының бастығы Лидия Никифорова.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны