11.05.2021, 20:14 10194

9 және 11 сыныптарға арналған соңғы қоңырау дәстүрлі форматта өтеді

"Мектеп директорлары, бөлімдер мен білім басқармаларының басшылары осы іс-шараларды барлық санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, ұйымдастыруы қажет".
НҰР-СҰЛТАН. 11 МАМЫР - 9 және 11 сыныптарға арналған соңғы қоңырау дәстүрлі форматта өтеді.
 
Аппараттық кеңесте Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов хабарлағандай, соңғы қоңырау 25 мамырда үшінші тоқсаннан бастап офлайн режимде оқыған 9 және 11 сынып оқушылары үшін соғылады, деп жазады Kazpravda.kz.
 

Біз мектепті бітіруге арналған іс-шаралар - соңғы қоңырау, аттестаттарды тапсыру офлайн режимде, бірақ қатаң санитарлық талаптарды сақтай отырып, өтеді деп жоспарлап отырмыз. Мектеп директорлары, бөлімдер мен білім басқармаларының басшылары осы іс-шараларды барлық санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, ұйымдастыруы қажет", - деді Аймағамбетов.

 
Бұған дейін 9 (10) сынып оқушыларының қорытынды бітіру емтихандары 2021 жылғы 28 мамырдан бастап 5 маусым аралығында, 11 (12) сынып оқушыларының қорытынды бітіру емтихандары 2021 жылғы 1-10 маусым аралығында өтетіні хабарланған болатын. 
 
Барлық мектептерде оқу жылы дәстүрлі түрде 25 мамырда аяқталады, бірақ 19 маусымға дейін жазғы мектептер ұйымдастырылады.

Ақпарат көзі: kazpravda.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

Тегтер:БілімБҒМ

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны