10.05.2018, 20:31 4234

9-мамыр күні Өскеменде "Мәӊгілік полк" шеруі өтті

Жиналғандарды Жеӊіс күнімен ШҚО әкімініӊ бірінші орынбасары Ерлан Аймұқашев құттықтап, майданға 108 мыӊ шығысқазақстандық шақырылғанын атап өтті. Олардыӊ 109-ы Кеӊес Одағы батыры, 24-і Даӊқ орденініӊ иегері болды.

Өскемен. 10 мамыр. Kazakhstan Today - 9-мамыр күні Өскеменде "Мәӊгілік полк" шеруі өтті. Мыӊдаған қалалықтар Ұлы Отан соғысын аттанған жауынгерлердіӊ суреттерімен сап түзеп, Мәӊгілік алау алаӊына қарай жүріп өтті.

Облыс орталығыныӊ тұрғыны Зарина Кәрімова бұл шараға алғаш рет қатысып отыр. Оныӊ батыр атасы - Кәрім Қамысбаев 1908 жылы өмірге келген. Соғыс басталған алғашқы жылы майдан даласына аттанады. Жаумен шайқаста "Ерлігі үшін" наградасымен, "Кёнигсбергті алғаны үшін" медалі және "Қызыл жұлдыз" орденімен марапатталды.

Шеруге отбасымен бірге келген Анастасия Шевченко арғы аталарыныӊ суретін зор мақтанышпен алып өтті.

- "Мәӊгілік полк" шеруіне биыл бірінші рет қатысып отырмыз. Өкінішке орай, ата-бабаларымыз туралы қолымызда көп ақпарат жоқ. Бар білетініміз, атамыз Михайл Михеев танкіші болған. Ал арғы атамыз Петр Бекреев туралы мұлдем ешнәрсе білмейміз. Десе де, оларды еске алып, шараға қатысуды жөн санадық, - дейді Анастасия Шевченко.

Ал Олег Половцев болса, акцияға бүкіл отбасы мүшелерімен бірге осымен төртінші жыл қатарынан қатысып отыр екен.

- Жеӊіс мейрамы -бұл біздіӊ жанұямыз үшін ерекше күн. Меніӊ әкем Михаил Половцев өз еркімен 17 жасында соғысқа аттанады. 1944 жылға дейін ұрысқа қатысып, ауыр жарақат алады. Ұлы Жеӊіс туралы хабар жеткенде ауруханада болған, - деп еске алады Олег Половцев.

Еске алу акциясына тұрғындар Славский атындағы жағалау бойымен өзен вокзалынан Даӊқ Мемориалына дейін жүріп өтті. Бір жарым шақырымға шақталған шеру екі сағатқа жалғасты.

Шара Мәӊгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсімімен жалғасты. Жиналғандарды Жеӊіс күнімен ШҚО әкімініӊ бірінші орынбасары Ерлан Аймұқашев құттықтап, майданға 108 мыӊ шығысқазақстандық шақырылғанын атап өтті. Олардыӊ 109-ы Кеӊес Одағы батыры, 24-і Даӊқ орденініӊ иегері болды.

- Бүгін біз Ұлы Жеӊіс мейрамын тойлаудамыз. Ирбіріміз үшін қадірі мен қасиеті зор күнді ерекше құрметпен қарсы аламыз. Алып мемлекет халықтарыныӊ бірлігі мен келісімініӊ арқасында Ұлы Жеӊіске қол жеткізілгені ақиқат. Құрметті ардагерлер, тыл еӊбеккерлері, сұм соғыстыӊ бар қиындығы мен қатыгездігін көрген сіздер ел мақтанышысыздар. Бүгінде сап түзеп, ортамызда өскелеӊ ұрпаққа өнеге болып жүргендеріӊіз үшін алғыс айтамыз. Қасымызда Қазақстанныӊ жетістігіне бірге қуанып, марқая беріӊіздер. Біз ешқашан Отан үшін, Жеӊіс үшін жан қия күресіп, маӊдай тер төккен батыр бабаларымызды ұмытпаймыз. Зор құрметпен мәӊгі жадымызда сақтаймыз, - деді ШҚО әкімініӊ бірінші орынбасары Ерлан Аймұқашев.

Айта кетейік, Даӊқ Мемориалында мерекелік концерт өтті. Кешке Өскеменде дәстүрлі "Шырақ жағу" акция мен отшашу болды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны