31.01.2019, 14:35 13043

Алматы қаласында жаңа мамандандырылған ХҚКО ашылды

Алматыдағы "Жетісу-Семиречье" сауда орталығында №5 мамандандырылған ХҚКО ашылды.

Алматы. 31 қаңтар. Kazakhstan Today - 2018 жылдың аяғынан бастап Алматы қаласында "Алматы - адалдық алаңы" атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобасы іске асуда. Оның мақсаты - қаланы жемқорлықтан таза әрі халықтың тұрмыс тіршілігіне жағымды ету.

Сондықтан, жұмыстың алғашқы кезеңінде "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясының атап айтқанда автокөліктерді тіркеу, жүргізуші куәлігін беру бойынша мемлекеттік қызметтердің провайдері болып табылатын мамандандырылған ХҚКО-ның қызметін жетілдіру қарастырылды.

Бұған дейін жұмыс істеген екі мамандандырылған ХҚКО қала мен қала маңындағы халыққа қызмет көрсеткендіктен, ондағы кезек халыққа өз қызметтерін ұсынушы делдалдардың пайда болуына әкеп соқты.

Сауда орталығында орналасқан мамандандырылған ХҚКО-ның ашылуы - оның қолайлы орналасуы мен халықтың көп қатынауында.

Бір жағынан - бұл мемлекеттік жеке-меншік әріптестіктің аясындағы мемлекеттік және жеке серіктестердің арасындағы ретке келтірілген ынтымақтастықтың нәтижесі, екінші жағынан - қосымша әкімшілік шығындарды қысқартуға ықпал ететін оңтайландыруға арналған кезекті қадам.

Осы және басқа да жаңалықтар "Жетісу-Семиречье" сауда орталығында орналасқан №5 мамандандырылған ХҚКО-ында болып өткен брифингте айтылды.

Брифингте сөйлеушілері "Алматы - адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің, "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы және қаланың әкімшілік полициясы басшылықтары журналисттерді аталған бағытта жүргізілген жұмыстармен ақпараттандырып, жұмыстың перспективті жоспарлары туралы айтып өтті.

Сонымен, жоба кеңсесінің жетекшісі А.И.Братенков өз сөзінде айтып өткендей: "жүргізуші көліктерін алу және автокөлікті тіркеу үшін делдалдарға жүгінудің немесе оны алудың басқа жолдарын іздестірудің қажеті жоқ, барлық мемлекеттік қызметтер бекітілген регламентпен көрсетіледі, қажетті құжаттар тізілімі стандартта нақты көрсетілген".

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны