13.03.2019, 00:04 14458

Жер кадастры мамандарының кәсіби мерекесі атап өтілді

Агроөндірістік кешенді цифрландыру мақсатында топырақ және геоботаникалық карталардың электронды нұсқасын әзірлеуге атсалысты, одан бөлек 7 млн га аумақта жерге қатысты жұмыстар жүргізді.

Астана. 13 наурыз. Kazakhstan Today - "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Абылайхан Оспанов мекеме құрамындағы жер кадастры бағыты бойынша жұмыс істейтін әріптестерін 6 наурызда кәсіби мейрамымен құттықтады. Жерге орналастырушы, геодезия және картография мамандарының кәсіби мерекесі былтырдан бері наурыздың екінші сенбісінде тойланып келеді.

Мемлекеттік корпорация құрамындағы жер кадастры департаментінің қызметкерлері былтырғы жылы өз бағыты бойынша 465 мың мемлекеттік қызмет көрсетті. Агроөндірістік кешенді цифрландыру мақсатында топырақ және геоботаникалық карталардың электронды нұсқасын әзірлеуге атсалысты, одан бөлек 7 млн га аумақта жерге қатысты жұмыстар жүргізді.

"Бұл мереке жерге байланысты бірқатар кәсіп иесінің ортақ мейрамына айналды. Сіздер жерге орналастыру, геодезия және картография саласының өркендеуіне өлшеусіз үлес қосып келесіз. Мемлекеттік жер кадастры бойынша мәліметтерді қалыптастыру және жер ресурстары туралы ақпараттың қолжетімділігі бағытында атқарылған жұмыс көлемі 2017 жылмен салыстырғанда 1,5 есеге артты. Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын.Кәсіби шеберліктеріңіз бен адал еңбектеріңіз -"Азаматтарға арналған үкімет" атты бір командамыздың бұдан әрі дамуы мен өркендеуінің мызғымас кепілі болатынына сенімдімін",- деп атап өтті өз құттықтау сөзінде мемлекеттік корпорацияның төрағасы. Кәсіби мереке қарсаңында мемлекеттік корпорацияның 500 қызметкері "Құрметті жерге орналастырушы" төс белгілерімен, "Кәсіподақ қызметінің дамуына қосқан үлесі үшін" медалімен, Кәсіподақтың құрмет грамотасымен, сондай-ақ мемлекеттік корпорация төрағасының алғыс хаттарымен марапатталды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны