24.03.2019, 20:53 8821

Түркістан облысы Сайрам ауданында жаңадан мұражай салынып жатыр

Аудандық құрылыс бөлімінің тапсырысы бойынша бой көтеріп жатқан нысанның жалпы құны -86 млн. 492 мың теңге. 2018 жылдың тамыз айында басталған нысан биыл пайдалануға беріледі деп жоспарланған.

Түркістан. 24 наурыз. Kazakhstan Today - Түркістан облысы Сайрам ауданында жаңадан мұражай салынып жатыр. Аудандық құрылыс бөлімінің тапсырысы бойынша бой көтеріп жатқан нысанның жалпы құны -86 млн. 492 мың теңге. 2018 жылдың тамыз айында басталған нысан биыл пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінің Сайрам ауданына ұйымдастырған пресс-туры кезінде журналистер осындай игі істің куәсі болды.

"Мұндағы шаруалар күз айларында басталған. Ауа райына байланысты құрылыс қарқыны аздап баяулады. Алайда күннің ерте жылынғанын пайдаланып, тиісті жұмыстарды дер кезінде атқарып алдық. Қазіргі таңда негізгі шаруалар аяқталды, ішкі әрлеу ісіне кірістік. Сәтін салса, сәуір айында пайдалануға беріледі деген жоспар бар. Құрылыс жұмыстарына жергілікті 26 азамат тартылған. Қолданып жатқан қажетті материалдардың барлығы өзіміздің елден шыққан өнімдер", - деді учаске бастығы Батыр Төлегенов.

Сала мамандарының сөзінше мұражайды салудағы мақсат - тарихы тереңде жатқан аудандағы құнды жәдігерлерді, өңірдің тарихынан сыр шертетін түрлі тарихи бұйымдарды жинақтап, бір жерге шоғырландыру. Заманауи үлгіде бой көтеріп жатқан ғимаратта құнды дүниелерді ұзақ сақтау үшін мұражайға лайық барлық талаптар сақталатын болады. Айта кетейік, тарихи атауды иеленген ауданда бұрын-соңды арнайы салынған мұражай болмаған.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны