14.04.2019, 23:04 13242

Алматы қаласындағы Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының мамандары жаңа туған сәбиге күрделі операция жасады

Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы мамандарының айтуынша бүгінде баланың жағдайы тұрақты.

Алматы. 14 сәуір. Kazakhstan Today - Алматы қаласындағы Педиатрия ғылыми орталығының мамандары жаңа туған сәбиден 1 келіден астам ісікті сәтті алып тастады.

Алматы қаласындағы Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының мамандары жаңа туған сәбиге күрделі операция жасады. Дәрігерлер шақалақтың денесіне туа біткен 1 келіден астам ісікті алып тастады.

Ісіктің көлемі аса үлкен, салмағы - 1028 гр. Сегізкөз-құйымшаққа біткен ісікті дәрігерлер бала анасының құрсағында жатқанда 19-шы аптада анықтаған. Ісік терідегі эрозиялық учаскелердің пайда болуын, тік ішекті қысып, қатты қансырау қатерін туғызған.

Жоспарлы операция жасау үшін сәбиді перзентханадан бірден Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығына жеткізілді.

Хирургиялық операция бала дүниеге келген соң үш тәуліктен кейін жасалды. Өйткені салмағы 3818 грамм болып туған шақалақты алдын ала емге дайындау керек болды. Ісікті алып тастау бойынша ота 3 сағатқа созылды және еш асқынусыз өтті.

Мамандардың айтуынша жаңа туған балардағы ісіктерді оперативті алып тастау толық жазылуға кепілдік береді.

Жаңа туған сәби 3 - ші тәулікте жансақтау бөлімінен неонотология бөліміне анасының қасына ауыстырылып, ерекше күтім алуда.

Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы мамандарының айтуынша бүгінде баланың жағдайы тұрақты.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны