15.05.2019, 20:00 7903

Ерейментауда апат тәуекелдерін төмендету үшін өздігінен басқарылатын ұшақтарды пайдалану тестіленді

2019 жылдың басында ЮНИСЕФ ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетімен бірге дрондарды жоғалған адамдарды іздеу және құтқару кезінде, сонымен қатар таулы жердің күрделі жағдайларындағы орман өрттерін айқындауда пайдалану үшін тестілеу өткізді.

Нұр-Сұлтан. 15 мамыр. Kazakhstan Today - БҰҰ-ның Балалар қоры (ЮНИСЕФ) табиғи апаттардың тәуекелдерін төмендету үшін орман және дала өрттерін уақытылы айқындау, сонымен қатар жағдайды мониторингтеу және су тасқының алдын алу жұмыстарын жоспарлы ұйымдастыру мақсатында өздігінен басқарылатын ұшақтарға кезекті тестілеуді өткізді.

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің деректері бойынша, 2018 жылы Қазақстанда 14,567 өрт жағдайы тіркелді, олар 3 миллиард теңгеден аса материалдық залал келтірді, 434 адам отта қаза тапты, 412 адам түрлі ауыртпалық дәрежесінде жарақат алды. Су тасқынынан 2018 жылы шамамен бір жарым мыңнан аса үй зардап шегіп (су басқан), материалдық залал 3 миллиардтан аса теңгені құрады.

ҚР ІІМ ТЖК Дағдарыс жағдайларында басқару орталығының орынбасары полковник Рустамбек Әмриннің айтуы бойынша: "Өрт адам өмірі үшін үлкен қауіп төндіреді, елеулі материалдық залал келтіреді. Төтенше жағдайлар комитеті Қазақстанның апатқа ұшырауы мүмкін аймақтардағы тәуекелді төмендету үшін қазіргі заманғы барлық мүмкіндіктерді зерделейді".

Дрондарды тестілеу Ақмола облысының Ерейментау ауданының аумағында ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті, Нұр-Сұлтан қаласының ТЖ департаменті, Ақмола облысының ТЖ департаменті, ТЖК Көкшетау техникалық институты, "Қазавиаорманкүзет" РМҚК, ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті, Ерейментау ауданының әкімдігі, "Ерейментау орман шаруашылығы мекемесі" ҚММ, "Бұйратау" ұлттық табиғи саябағы өкілдерінің қатысуымен өтті.

Бүгінгі өткізілген ұшу барысында іс-шараға қатысушылар өрт ошағын уақытылы айқындау, соның ішінде мемлекеттік орман қорына жататын ауқымды дала аудандарын мониторинг жасау арқылы орман алқаптарын қорғауда өздігінен басқарылатын авиацияның мүмкіндіктеріне көз жеткізді.

Өздігінен басқарылатын ұшақтарды тестілік ұшыру өзендер мен көлдердің арналарын алдын ала картаға түсіру, бөгелістер пайда болуы мүмкін тұстарды айқындау, жиналған қысқы қар суының көлемін есептеу үшін жердің үшөлшемді карталарын жасау жолымен су тасқыны кезеңіне жоспарлы дайындалудың мүмкіндіктерін көрсетті.

2019 жылдың басында ЮНИСЕФ ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетімен бірге дрондарды жоғалған адамдарды іздеу және құтқару кезінде, сонымен қатар таулы жердің күрделі жағдайларындағы орман өрттерін айқындауда пайдалану үшін тестілеу өткізді. ҚР ІІМ ТЖК жүйесінің барлық аймақтық және облыстық құтқарушыжасақтардың мамандары мен бірқатар облыстық және қалалық әкімдіктердің өкілдері үшін өздігінен басқарылатын ұшақтарды қолдану мүмкіндіктері жайлы семинар өткізілді.

ЮНИСЕФ бірқатар елдерде халықтың қажеттіліктерін шешуде өздігінен басқарылатын авиация технологияларын қолдану үшін тестілеу дәліздерін құруға бастамашылық етті. Қазақстанның тәжірибесі ағымдағы жылдың сәуірінде болған Әлеуметтік мұқтаждықтарға арналған дрондар бойынша жаһандық кездесуде таныстырылды.

Қазақстандағы ұшқышсыз ұшақтарды сынау дәліздері ЮНИСЕФ-тің гуманитарлық көмек көрсетудегі ҰҰА-ны қолдануға байланысты жаһандық күш-жігерінің соңғы енгізулерінің бірі болып табылады. ЮНИСЕФ ұшқышсыз ұшақтардың дәліздерін құруға тағы басқа екі елге көмектесті. Мысалы, Вануату жақында ғана әлемдегі алғашқы вакцинаны ұшқышсыз ұшақ арқылы жеткізуді аяқтады.

ЮНИСЕФ жайлы

ЮНИСЕФ әлемдегі ең қиын халге түскен балаларды қамту үшін әлемнің ең қауіпті жерлерінде жұмыс жасайды. 190 астам елде және аумақта біз әрбір бала үшін, барлық жерде баршаға арналған жақсырақ әлем құру үшін жұмыс жасаймыз. ЮНИСЕФ және оның жұмысы жайлы қосымша ақпараты сайттан көре аласыздар: https://www.unicef.org/kazakhstan

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны