27.05.2019, 08:43 7329

Алматы облысында "Үздік мәдениет мекемесіне" автокөлік сыйға тартылды

Оның айтуынша, 2019 жылдың басында облыстағы сала бюджеті 6,1 млрд. теңгені құрады. Бүгінгі күні облыста 556 мәдениет пен мұрағат мекемелерінде 1500-ге жуық адам жемісті еңбек етіп, өңірдің рухани өмірін мазмұнды етуге өз үлестерін қосып келеді.

Талдықорған. 27 мамыр. Kazakhstan Today - Б. Римова атындағы драма театрында Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күніне орай салтанатты жиын өтті. Жиында сала мамандарын Алматы облысының әкімі Амандық Баталов құттықтап, үздік деп танылғандарды марапаттады - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Театр фойесінде түрлі өнер туындыларынан, І. Жансүгіров музейі мен М. Тынышпаев атындағы тарихи-өлкетану музейінің кейбір жәдігерлерінен көрмелер қойылды. Жиынның басында мәдениет саласының бүгінгі бет-бейнесі туралы бейнефильм көрсетілді.

Сала мамандарын құттықтаған облыс әкімі Амандық Баталов өз сөзінде қоғам өміріндегі мәдениет пен өнердің рөлін атап өтті.

Оның айтуынша, 2019 жылдың басында облыстағы сала бюджеті 6,1 млрд. теңгені құрады. Бүгінгі күні облыста 556 мәдениет пен мұрағат мекемелерінде 1500-ге жуық адам жемісті еңбек етіп, өңірдің рухани өмірін мазмұнды етуге өз үлестерін қосып келеді.

- Халқымыз ғасырлар бойы мәдениеті мен өнерін, салты мен асыл мұрасын алтын бесігінде тербетіп келеді. Қай заманда да еліміз дәстүрін дәріптеп, рухын жоғары ұстаған. Біздің бүгінгі қоғамда өнердің сан алуан түрі бар. Десе де олардың барлығының да мақсат-міндеті бір. Ол - адамның эстетикалық талғамын қалыптастыруға, сезімін тәрбиелеуге, қоршаған ортаны көркемдік көзімен көруге үйрету. Сол арқылы адамзатқа рухани азық беру. "Шебердің қолы ортақ, шешеннің сөзі ортақ" дегенде халық осыны айтса керек. Кез келген ел өнерімен, мәдениетімен танылып, бағаланатыны анық. Сондықтан даатқарып жатқан игі істеріңізге табыс тілеймін.Өнердің өресі биік, айдыны кең болып, еліміздің рухани байлығы арта берсін! Барша жетісулық өнерпаздарға шығармашылық жетістік пен бақыт тілеймін, - деді А. Баталов.

"Үздік мәдениет қызметкері" номинациясы бойынша облыстың аудан, қалаларынан 20 қызметкер марапатталды. Олардың арасында әртістер, ауылдық клубтардың, мәдениет үйлерінің, кітапханалардың, шығармашылық орталықтардың, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің қызметкерлері бар. Әрбір жеңімпазға диплом мен 100 мың теңгенің сертификаты берілді.

Сондай-ақ 9 номинация - "Халықтық, үлгілі атағы бар үздік ұжым", "Үздік театр әртісі", "Үздік мәдениет үйі", "Үздік кітапхана", "Үздік музей", "Үздік әнші", "Үздік аспапшы", "Үздік биші", "Үздік облыстық мәдениет мекемесі" аталымдары бойынша да топ жарғандар анықталды. Атап айтқанда, "Үздік облыстық мәдениет мекемесі" номинациясын ұста Дәркембай атындағы қолөнер музейі жеңіп алды, музейге жүлде сыйы ретінде "Лада Гранта" автокөлігінің кілті тапсырылды. "Үздік биші" - Іле ауданының "Сармат" би ансамблінің жетекшісі Асхат Жамансариев, "Үздік аспапшы" - Сүйінбай атындағы облыстық филармонияның аспапшысы Айбол Құдайберген, "Үздік әнші" - Кербұлақ ауданы Күреңбел фольклорлық-этнографиялық ән-би ансамблінің әншісі Азамат Үмбетовке берілді. Жеңімпаздарға арнайы статуэтка, диплом және 100 мың теңге ақшалай сыйлық берілді.

Облыстың мәдениет саласын дамытуға қосқан үлесі үшін бірқатар азаматтар "Мәдениет саласының үздігі" төс белгісімен марапатталды. Олардың қатарында Сүйінбай атындағы облыстық филармонияның М. Төлебаев атындағы халық аспаптары оркестрінің аспапшы әртісі Мұхтар Стыбаев, Кербұлақ ауданы Алтынемел ауылдық мәдениет үйінің музыка жетекшісі Сәуле Қожаханова да бар.

Сонымен бірге 20-ға жуық маманға ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің, облыс әкімінің құрмет грамоталары мен алғыс хаттары берілді.

Марапаттау рәсімінен соң ұста Дәркембай атындағы қолөнер музейінің директоры Дәулет Дәркембайұлы мінбеге шығып, әріптестерін мерекемен құттықтады. Мемлекет қолдауының арқасында өңірдегі мәдениет пен өнердің ілгерілегенін, осы саланың дамуына әлі де өз үлестерін қосуға дайын екендіктерін жеткізді.

Мерекелік шара концерттік бағдарламамен аяқталды.

Атап өтсек, шара аясында "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында "Жетісу өңірінің халық және халық композиторлары әндерінің антологиясы" жинағы Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен жарыққа шықты. Жинақ облыс әкімі Амандық Баталовтың қатысуымен Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күніне орай Талдықорған қаласында өткізілген салтанатты шарада таныстырылды, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Атап өтсек, "Жетісу өңірінің халық және халық композиторлары әндерінің антологиясы" жинағына жалпы саны 250-ге жуық ән кірген. Кітап қазақ халқының ғұрыптықәндері, халық әндері, халық композиторларының әндері дейтін 3 бөлімнен тұрады. Жинақтың тағы бір ерекшелігі - кітапқа енген барлық әндер жазылған CD-дискілер кітапқа қоса тіркелген.

Жалпы "Жетісу өңірінің халық және халық композиторлары әндерінің антологиясы" кітабын басып шығаруға жергілікті бюджеттен 5 млн. теңге бөлінген. Оның тиражын 150 дана шығару жоспарланып отыр.

Жалпы "Жетісу кітапханасы" 100 томдығы сериясының аясында өткен жылы 20 автордың кітабы жарыққа шықса, биылғы жылы 40 кітап басылады деп жоспарланған, соның 20-сы - жас ақындардың жинағы. Сол сияқты бұл қатарда "Мәдени ескерткіштер энциклопедиясы" 2 томдық кітабы да бар.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны