03.06.2019, 21:46 10654

Алматының хайуанаттар паркіне жаңа басшы тағайындалды

Қала мәслихатының депутаты Вячеслав Банщиков Алматының хайуанаттар паркінің жаңа басшысы атанды

Алматы. 3 маусым. Kazakhstan Today - Қала мәслихатының депутаты Вячеслав Банщиков Алматының хайуанаттар паркінің жаңа басшысы атанды.

Соңғы жылдары хайуанаттар паркі айтарлықтай өзгерді, мұнда келушілер қатары 42%-ға өсті, кәсіпорын кірісі 20%. Парктің айналасы және хайуанаттар тұратын орындар абаттандырылды, оның ішіде 11 қысқы орын жөнделді, ақ аюдың, амур барысының, тапирдің жаңа вольерлері, аквариум жасалды. Қала әкімі өзінің сөзінде хайуанаттар паркінің бұрынғы директорлары Ержан Еркінбаев пен Айгул Түлееваның және меценаттардың арқасында зообақтың оң нәтижеге қол жеткізгенін атап өтті.

"Біз жаңа басшы кандидатурасын іріктеуге жете мән бердік, өйткені хайуанаттар паркінің одан әрі дамуы жаңа басшының жеке қасиеті мен кәсіби біліктілігіне тікелей қатысты. Вячеслав Банщиков Алматыда туылған, оқыған және осында тұрады. Тұрақты меценат, қайырымдылықпен айналысады, қала үшін жасаған игілікті істері көп", - деді Бауыржан Байбек.

Жаңа директордың алдына хайуанаттар паркін одан әрі дамыту бойынша бірқатар міндеттер қойылды. Мысалы, жақын арада мекеме зообақтар мен аквариумдардың европалық ассоциациясы EAZA мүшелерінің тізіміне енуі тиіс. Барыстар мен аюлардың, қасқырлардың вольерлерін салу мен абаттандыруды аяқтаған жөн. Бұдан өзге, зообақ аумағында заманауи қондырғылармен жабдықталған жаңа ветклиника салу және бұлақтарды реконструкциялау жобасын іске асыру қажет. Хайуанттар паркінің жүргінші аймағын қайтадан толық жөнделіп, абаттандырулуы тиіс. Бұлардан өзге, аңдарды өздері шығаратын жеммен қоректендіру үшін қосалқы шаруашылықты қолға алу керек.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны