05.06.2019, 21:51 7193

Өзге адамның құжатымен қызмет алмақшы болған азамат ХҚО қызметкерін соққыға жықты

Айта кетейік, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының қызметкері полицияға шағым түсірді. ХҚО қызметкеріне жұдырық ала жүгірген азаматқа ішкі істер органдарының қызметкерлері іздеу жариялады.

Нұр-Сұлтан. 5 маусым. Kazakhstan Today - Бүгін, 2019 жылғы 5 маусымда Нұр-Сұлтан қаласының халыққа қызмет көрсету орталығының біріне мекенжай анықтамасын алмақшы болған ер адам жүгінді. ХҚО қызметкері қызмет алушының жеке басын сәйкестендіру барысында төлқұжаттағы фото мен келушінің келбеті ұқсамағандықтан, жеке мәліметтері мен туған жылын айтып беруді сұрады. Алайда қойылған сауалдарға дұрыс жауап бере алмаған азамат дөрекілік көрсетіп, балағат сөздер айтып, ақыр соңында қызметкерге жұдырық ала жүгірді.

Бөлім жетекшісі полицияны шақырғанда, қызмет алушы сыртқа шығып, жасырынып үлгерді.

Кейін белгілі болғандай, халыққа қызмет көрсету орталығында кезек күткен азаматшаның бірі күйеуінің төлқұжатымен анықтама алмақшы болған. Ол қасында отырған азаматқа жолдасының атынан анықтама алып беруін өтінген. Туындаған жанжал барысында қызмет алмақшы болған әйел де ХҚО-дан шығып кеткен.

Айта кетейік, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының қызметкері полицияға шағым түсірді. ХҚО қызметкеріне жұдырық ала жүгірген азаматқа ішкі істер органдарының қызметкерлері іздеу жариялады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны