14.06.2019, 23:45 11517

Түркістан облысы полицейлері мал ұрлығының алдын алу шарасын күшейтті

Қазіргі таңда осы ұрлық түрін жою аясында, аудандық полиция бөлімі қызметкерлерінен 4 жұмыс тобы құрылған.

Түркістан. 14 маусым. Kazakhstan Today - Түркістан облысы полицейлері мал ұрлығының алдын алу шарасын күшейтті.

Бар пайдасын қорасында өсіріп отырған төрт-түлігінен табатын, ауыл тұрғындары үшін, малын ұрлату өте қиын жағдай. Оңай олжамен жан бағамын деп, заңды белшесінен басып, ұрлық пен күн күнелткеннің жолдарын кесу үшін ТО ПД полицейлері түрлі акциялар өткізіп келеді. Мұның өзі қылмысты түбегейлі жоймаса да, болдырмауға өз септігін тигізуде. ҚР ІІМ-нің бөтеннің мүлкін ұрлаудың алдын алу, анықтау, ашу және тергеп-тексеру бойынша қабылданатын шаралардың тиімділігін арттыру, "ҚР ІІМ-нің ұрлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2019-2020 жылдарға арналған бағдарламасын" орындау мақсатында "Мал ұрлық қылмыстарының алдын алу, болдырмауға бағытталған іс-шаралар өткізуде. Аталған іс-шара аясында Қазығұрт АПБ "мал ұрлығы картасы" криминогендік жағдайдың осал учаскелерін айқындап, мал ұрлығы жиі алған ауылдардың кіріс-шығыс жолдарында уақытша полиция бекеттерін ұйымдастырды, жол бойларында орнатылған бейнекамералардың мүмкіндіктерін және ауыл белсенділерінің көмегін кеңінен пайдалануды жолға қойды. Қазіргі таңда осы ұрлық түрін жою аясында, аудандық полиция бөлімі қызметкерлерінен 4 жұмыс тобы құрылған. Шанақ, Алтынтөбе, Шарбұлақ және Шалқия ауылдарына кіреберіс тас жолына, түнгі уақытта уақытша бекет орнатылып, әр экипажға борттық журнал беріліп, мал тасыған көліктер тексерілуде. Алайда, жасалған қылмыстың басым бөлігі ашылмай отыр. Сондықтан аталған төрт-түлік ұрлығына тек құқық қорғау органдары тосқауыл қоймай, бұл індетті жергілікті атқару органдары, қоғамдық ұйымдар және елге жанашыр белсенділер бірігіп жасайтын іс-шаралар арқылы да жоюға ден қойылды. Мал ұрлығының жиі кездесуінің негізгі себебі, мал иелерінің жайылымдарға малдарын қараусыз жіберу және қоралардың тиісті деңгейде жабдықталмауы. Әрине, бағып отырған малының соңында егесі күні-түні жүре алмайды. Осы жағдай ұрылардың жұмысын жеңілдетеді яғни қараусыз жүрген малды оңай олжаға айналдыруға мүмкіндік береді. Дегенмен, ауыл тұрғындары бірігіп, осындай ұрлықтың алдын алу, болдырмау мақсатында кезекпен ауылдың малын қарап немесе бақташы жалдау қажет. Соған байланысты аудандық полицейлер тарапынан, ауыл әкімдеріне, учаскелік инспекторларға, ауыл билері мен белсенділеріне осы мәселені шешу жолдарын қарастыру ұсынылды. Мал мен ет өнімдерін сатып алып, өткізу орындарында тексеру жүргізілді. Малдарды сырғалау, "GPS"чиптерін орнату, малдарды түгендеу, қараусыз қалдырмау ескертілді. Айта кетейік, биылғы жылдың өзінде Түркістан облысы полицейлері облыс бойынша бірнеше мал ұрлығына қатысы бар күдіктілерді құрықтап, барымташыларды ұстап, табылған малдарды заңды иелеріне қайтарды. Осылайша, облыстық тәртіп сақшыларының халықтан қарғыс емес, алғыс алып жүрген жайы бар. Осы жұмысты одан ары жандандырып, мал ұрлығын түбімен жою мақсатында жүйелі, күшейтілген жұмыстар жүзеге асырылуда.

Естеріңізде болса, облыста жергілікті әкімдік, шаруа қожалығының басшысы және бақташы арасында үшжақты келісім-шарт жасау қолға алынған болатын. Негізгі мақсат - ауылдық жерлердегі мал ұрлықтарының алдын алу. Малдың заңды егесі мен бақташы арасында ресми түрде шарт жасалып, еңбекақы белгіленді. Бұл арқылы мал иесі, мал бағатын бақташыдан жұмыстың нәтижелігін талап ете алады. Бастысы мал бағушыдан кешкісін малын қабылдап алып, уақытылы жалақысын төлеп тұрса, жұмыс жемісін береді деп сенеміз! Әрқайсымыз өз малымызға ие болып, қараусыз қалдырмай, уақытылы мал басын бірдейлендіріп, ен-таңбаларын салып отырсақ, ұрыларға да жол жабылады. Қылмыскердің жолын - тиянақты тірлігіміз бен ұйымшыл бірлігіміз арқылы бұғаттайық!, деп жазады ТО ПД баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны