01.07.2019, 23:50 6553

Алматы қаласында "Киелі Қазақстан" көп күндік атты экспедиция басталды

Болашақ атты турлардың бағдарын жасау үшін 25 тәжірибелі шабандоздан тұратын топ Алматы өңірін зерттейді, ең маңызды көрнекті орындарға барады.

Нұр-Сұлтан. 1 шілде. Kazakhstan Today - Шілде айының1-жұлдызында Алматы қаласында "Киелі Қазақстан" көп күндік атты экспедиция басталды. Жоба мақсаты: Қазақстан аумағында атты туризмды насихаттау. Болашақ атты турлардың бағдарын жасау үшін 25 тәжірибелі шабандоздан тұратын топ Алматы өңірін зерттейді, ең маңызды көрнекті орындарға барады. Нәтижесінде туристерге ұсынылған бағдарлар бойынша нақты координаталары көрсетілген егжей-тегжейлі карталар сызылады.

Экспедиция ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитетінің тапсырысы бойынша өтіп жатыр. Ұйымдастырушы - "Kazakh Tourism" ҰК" АҚ.

"Атты туризм - ол туризм үшін бірегей құбылыс, - деп атап өтті "Kazakh Tourism" ҰК" АҚ Туристік өнімдерді қалыптастыру департаментінің бас менеджері Алина Ашляева. - Ол бүкіл әлем бойынша кеңінен танымалдыққа ие болып жатыр. Қазақстанның тарихы атқа мінумен тығыз байланысты болғандықтан, оны біз дамытпасақ, кім дамытады? Бізде ол үшін қажеттінің бәрі бар - шексіз көрікті жерлер мен бала күнінен атпен жүру өнерін меңгерген шабандоздар.

Мақсаттарымыздың өршіл екендігін жасырмаймын, біз әлемдік атты туризмнің орталығы болуды көздеп отырмыз. Ол үшін он мыңдаған километр жолдарды зерттеп, жүздеген туристік бағыттар сызуымыз керек".

Алматы облысы бойынша атты экспедиция бағдары келесі нысандарды қамтиды: Алматы - Батан шатқалы - Ой-Қарағай шатқалы - Ассы обсерваториясы - Қара-Арша шатқалы - Жіңішке өзені - Аманжол үстірті - Көлсай көлі - Қайыңды өзені - Қайыңды көлі - Алматы.

Экспедиялық топ күн сайын 10-16 километрлік жолды жүріп өтеді. Жол барысында болашақта жолнұсқаулар орнату мақсатында фото және видео түсірілім жүргізеді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны