08.07.2019, 09:22 10864

Алматыда дисней хиттері қазақ тілінде шырқалды

Алғаш рет отандық әртістер Disney-дің көпшілік ықыласына бөленген анимациялық фильмдеріндегі танымал саундтректерді қазақ тілінде шырқады.

Нұр-Сұлтан. 8 шілде. Kazakhstan Today -Алматы Disney компаниясының лицензиясымен ресми киноконцерттер өтетін әлемдік астаналар тізіміне енді.

Алғаш рет отандық әртістер Disney-дің көпшілік ықыласына бөленген анимациялық фильмдеріндегі танымал саундтректерді қазақ тілінде шырқады. Данияр Өтеген, Нұрмұхаммед Жақып, Адам, Кентал, Данелия Тулешова, ЕрденЖақсыбеков, Инди Еділбаева, Жарқынай Шалқар, Балжан Бидаш симфониялық оркестірдің сүйемелдеуімен жанды дауыста ән салып, көрерменге өнерлерін паш етті.

Қазақстан үшін арнайы жасалған бағдарлама диснейлік киноконцерттің ресми бағдарламасына "Мұзды жүрек" ("Холодное сердце"), "Аңпатшасы Арыстан"("Король Лев"), "Су перісі" ("Русалочка"), "Ару мен құбыжық", (Красавица и чудовище") "Мулан", "Аладдин", "Покахонтас" сияқты барлығы 22 мультфильмнің компазиция енді.

"Бүгін біз Disney-дің ең үздік әндерін алғаш рет қазақ тілінде өз әртістеріміздің орындауында тыңдап отырмыз. Бұл біздің Астана күні мерекесіне орай балаларға жасаған сыйымыз. Мен ТМД-дағы WaltDisney команиясына және бүгін біздің арамызға отбасымен бірге келген компания өкілі Игорь Макаровқа рақмет айтамын. Музыка балалардың бойында мейірім мен патриотизмді, адамгершілік қасиеттер мен кішіпейілділікті қалыптастырады" - деді "Болашақ" КҚ Қамқоршылық кеңесінің құрметті мүшесі Бауыржан Байбек.

"Жұлдыздар шеруі" қайырымдылық киноконцертінің аясында 7 млн теңгеден астам қаржы жиналды. Жиналған қаражат толықтай "Болашақ" корпоративтік қорының әлеуметтік жобаларына жұмсалады. "Әр бала мектепке баруы тиіс" жобасының аясында Нұр-Сұлтан, Шымкент, Орал, Ақтау, Атырау, Қызылорда, Павлодар, Петропавл және Алматыда инклюзияны қолдау үшін 20 кабинет ашылды.

Аутизм және басқа да менталдық сырқаты бар 248 бала мектепке баруға мүмкіндік алды. 2019 жылы Ақмола, Ақтөбе, ШығысҚазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарында тағы да 20 кабинет ашу жоспарланған.

Қазақстандағы инклюзивті білім беруді жетілдіруге жәрдемдесу мақсатында "Болашақ" КҚ бастамасы "NurOtan" партиясының тарапынан "Кедергісіз келешек" республикалық жобасының аясында қолдау тапты.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны