16.07.2019, 11:52 8566

Ақтөбеде болашақ жүргізушілер жүргізуші куәліктерін алу үшін практикалық емтихандарды істен шыққан көлік құралдарымен тапсыруға мәжбүр

Департамент анықтаған бұзушылықтар бойынша тиісті шаралар қабылдау үшін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына хат жолданды.

Ақтөбе. 16 шілде. Kazakhstan Today - Ағымдағы жылдың шілде айында облыстық мемлекеттік қызмет істері департаментінің қызметкерлері қоғамдық ұйым өкілдерімен бірігіп, Ақтөбе қаласының Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығыменкөрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасына мониторинг жүргізілді. Мониторинг жұмысы практикалық емтиханды тапсыруға арналған көлік құралдарының жекелеген санаттарының жағдайын анықтауға бағытталған.

Шара барысында автодромда "В" санаты бойынша практикалық емтихан тапсыру үшін мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналып жабдықталған көлік құралы қолданылатындығы анықталды.

Аталған көлік құралының жағдайы қалыпты деңгейде емес (ілініс педалі, қол тежегіші, ашық түрдегі беріліс тұтқасы, қалыпты жағдай баллын есептейтін автоматтандырылған датчиктері, алдыңғы бампер бекіту нүктесінен ажыратылғандығы, дөңгелектер қысымының әр түрлігі, қисық дөңгелек).

Осыған байланысты, қызмет алушылар арасында жүргізілген сауалнамадан белгілі болғандай болашақ жүргізушілер жүргізуші куәлігін алу үшін құны 2 600 теңге құрайтын сынама практикалық емтиханды өтуге мәжбүр болады.

Сонымен қатар, қызмет алушылардың пікіріне сәйкес жүргізуші куәлігін алу үшін олар автоматтандырылған автодромда сынақ түріндегі практикалық емтиханды 3-9 мәртеге дейін тапсырады. Аталған көлік құралының қанағатсыз жағдайы практикалық емтихан тапсыру кезінде түрлі бұзушылықтарға әкеледі.

Сондай-ақ, сауалнама барысында практикалық жүргізу тәжірибесі бар азаматтардың айтуынша аталған көлік құралымен үшінші мүмкіндіктен де практикалық емтихан тапсыру мүмкін емес.

Талдау сағат 10.00-ден 12.00-ге дейінгі кезеңді қамтыды. Бұл кезеңде сынама практикалық емтиханды тапсыруды күтіп отырған қызмет алушылардың саны 40-тан астам адамды құрады.

Осылайша, автодром көлік құралдарының қалыпты емес техникалық жағдайы көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасыздығы нәтижесінде азаматтардың сенімін төмендетуге, апаттық жағдайды тудыруға, сонымен қатар қызмет алушылардың негізсіз шығындарды төлеуіне әкеліп соғады.

Бұған қоса, күту залында азаматтарға арналған қалыпты жағдай жасалмағандығы анықталып отыр.

Осыған орай, Департамент анықтаған бұзушылықтар бойынша тиісті шаралар қабылдау үшін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына хат жолданды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны