01.09.2019, 18:50 60991

Қазақстан халқы Ассамблеясы ҚР Конституциясы күніне орай мерекелік іс-шара ұйымдастырды

Жиналған қауым Қазақстан халқы Ассамблеясы этномәдени бірлестіктерінің шығармашылық топтары мен аспаптық музыка, ән-би ұжымдарының қойылымдарын тамашалады.

Нұр-Сұлтан. 1 қыркүйек. Kazakhstan Today - 28 тамыз күні Қазақстан халқы Ассамблеясы Нұр-Сұлтан қаласының "Жетісу" саябағында ҚР Конституциясы күніне орай мерекелік іс-шара ұйымдастырды.

Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Ж.Қ. Түймебаев, ҚХА мүшелері мен қоғам қайраткерлері, ҚХА этномәдени бірлестіктері мен жастар қанатының өкілдері және қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.

Концерттің ашылуында сөз сөйлеген ҚХА Төрағасының орынбасары Ж.Қ. Түймебаев барша қазақстандықтарды келе жатқан мемлекеттік мереке - Қазақстан Республикасы Конституциясының күнімен құттықтай отырып: "Тұңғыш Президентіміз - Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың және жаңа Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тұрақты кепілі мен қажымас еңбектерінің арқасында Конституциямыз тәуелсіз еліміздің құқықтық жүйесінің өзегіне, дамуымыздың берік іргетасына айналды. Бүгін біз құқықтық, дамыған мемлекет құру жолын еліміздің басты заңының талаптарына сәйкес жаңа деңгейге көтерудеміз! Ата заңымыздың арқасында қазақстандықтар мәдени және рухани құндылықтарды қайта өркендетудің жаңа мүмкіндіктеріне ие болды. Конституциямыздың жалпыұлттық құндылықтарды құрметтеу нормаларын жүзеге асыру арқасында көпэтносты Қазақстанда барлық азаматтардың келісімі мен бірлігінің іргетасы қаланды", - деп атап өтті.

Жиналған қауым Қазақстан халқы Ассамблеясы этномәдени бірлестіктерінің шығармашылық топтары мен аспаптық музыка, ән-би ұжымдарының қойылымдарын тамашалады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны