16.09.2019, 22:49 30430

Қызылордада түркі жастарының халықаралық фестивалі өтеді

Республиканың барлық өңірінің жастарын қамту жоспарланған шараға Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан, Татарстан және Әзербайжан елдерінің шығармашыл және өнерпаз жастары қатысады деп күтілуде.

Қызылорда. 16 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қызылорда облысының Қармақшы ауданындағы "Қорқыт Ата" мемориалдық кешенінде 19-21 қыркүйек аралығында түркі тілдес елдер жастарының "Түркі әлемін тоғыстырған - Сыр елі" атты халықаралық фестиваль өтеді.

Халықаралық шараның басты мақсаты - түркі тілдес елдер жастарының қарым-қатынасын нығайту, ортақ тарих пен құндылықтарын насихаттау, жастар саясатында оң бастамалар бойынша тәжірибе алмасу.

Республиканың барлық өңірінің жастарын қамту жоспарланған шараға Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан, Татарстан және Әзербайжан елдерінің шығармашыл және өнерпаз жастары қатысады деп күтілуде.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны