Система Orphus

Оралда мектептердегі тамақтандыру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою көзделіп отыр

21.09.2019, 09:32 46765
Оралда мектептердегі тамақтандыру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою көзделіп отыр

Орал. 21 қыркүйек. Kazakhstan Today - Оралда мектептердегі тамақтандыру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою көзделіп отыр. Қала мектептерінде тамақтандыру үдерісін автоматтандыру жобасы қолданысқа енгізіле бастады.

Оралдағы №4 жалпы білім беретін орта мектептің асханасында бірінші болып төлемді қолма-қол ақшасыз жасау жүйесі сынақ ретінде қолданысқа енгізілмекші. Оқушыларға аты-жөндері жазылған карточка берілді және сол арқылы олар мәзірді таңдап төлем жүргізеді.

Картаны мектепте орналасқан терминал арқылы банктік тәсілмен ересектердің өздері толтырады.

"Мектепте баласының тамағы тоқ па, мектептегі тамақтандыру жағдайы қандай деген сауал кез-келген ата-ананы алаңдататыны рас.Мектептегі тамақ бүкіл оқу үдерісіне әсерін тигізеді, мектептегі салауатты тамақтандырусыз оқу үдерісі толыққанды болады деп айту қиын", - дейді Мектептегі тамақтандыру кәсіпорындары қауымдастығының төрайымы Ляна Тұрсынова.

Осылайша, баланың мектеп асханасында тамақтану барысын бақылап отыру мүмкіндігі ата-аналарда пайда болды. Олар мысалы зиянды өнім түрлеріне шектеу қоя алады. Жүйеге қолжетімділік электрондық асханалар сайтындағы жеке кабинет арқылы беріледі.

"Дәл осы автоматтандыру түрі ата-анаға баласы шынымен тамақтанды ма, жоқ па, дәл қандай тамақ жеді дегенді қадағалап отыруға мүмкіндік береді", - деп түсіндірді Ляна Тұрсынова.

Мектептегі тамақтандыру үдерісін автоматтандыру бюджеттік қаражаттың жұмсалу ашықтығын да қамтамасыз етеді.

Оралда бастауыш буындағы 1 және 4 -сынып аралығындағы оқушылар мен әлеуметтік аз қорғалған отбасылардың балалары тегін тамақпен қамтамасыз етіледі.

"Автоматтандыру нәтижесінде бюджет қаражатының жұмсалу тиімділігі, қаржыны жұмсау ашықтығы қадағаланады. Соның нәтижесінде ақшалай қаражаттың мақсатты пайдаланылуына қатысты ата-аналардан бастап фискалдық органдарға дейін күдік-күмән тумайтын болады. Бұл ақыр соңында кез-келген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға мүмкіндік береді", - дейді қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары қауымдастығының төрайымы.

Қараша айына дейін қаладағы 10 мектептің асханасы қолма-қол ақшасыз жұмыс істеу жүйесіне көшеді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны