Система Orphus

Батыс Қазақстан облысында сыбайлас жемқорлық деректері туралы хабарлағаны үшін 5 тұлға жалпы сомасы 782 мың теңгеге марапатталды

11.10.2019, 14:04 7453

Ақтау. 11 қазан. Kazakhstan Today - Батыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің департамент басшысының орынбасары Серік Мұстафиннің мәліметінше, сыбайлас жемқорлық деректері туралы хабарлағаны үшін 5 тұлға жалпы сомасы 782 мың теңгеге марапатталды.

Соңғы екі жылда Батыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі пара алуға қатысты 46 деректің бетін ашты. Сонымен бірге пара беру және делдалдық жасау бойынша 40 дерек тіркелді. Серік Мұстафиннің айтуынша, ашылған қылмыстарға жасалған талдау көрсетіп отырғандай, пара беруші 24 адамның 8-і - лауазымды тұлғалар және оларға теңестірілгендер, 10-ы кәсіпкерлер және 6-ы - жеке тұлғалар.

"Бұған қоса тәжірибе көрсетіп отырғандай, азаматтар сыбайлас жемқорлық деректеріне тап болған жағдайда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметіне жүгіну қажет деп ойламайды, кейде тіпті осындай арсыз шенеуніктердің көмегіне өздері жүгінуге мәжбүр болады. Сыбайлас жемқорлардың күткені де осы. Мұндайда құқық қорғау органдарының дербес күш-жігері жалпы қоғамның жұмыла атсалысуынсыз жеткілікті дәрежеде тиімді бола алмайтыны айқын көрініп отыр. Сыбайлас жемқорлық деректеріне тап болған жағдайда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметіне 98-47-20 телефоны арқылы, пошта арқылы немесе Құрманғазы көшесі 89/1 мекенжайы бойынша жеке қабылдауға келуге шақырамын",- деді Серік Мұстафин.

Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық деректері туралы 1424 нөмірі арқылы Call-орталыққа да хабарласуға болады, ол тәулік бойы жұмәс істейді. Бұдан бөлек, Серік Мұстафин еске салып өткендей, пара берген тұлғаға қатысты пара беруге бопсалау әрекеті жасалса немесе осындай тұлға құқық қорғау органына пара беру дерегі туралы өз еркімен хабарласа, ондай тұлға қылмыстық жауапкершіліктен босатылады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны