10.10.2019, 16:02 3074

Ақмола облысының әкімі Сәкен Сейфуллиннің мерейтойына дайындықтың барысымен танысты

Оның тұлғасы ел тарихында ерекше орын алады, сондықтан мерейтой Қазақстанның барлық аймақтарында тойланады. Бүгiн өңiр басшысы Ермек Маржықпаев Сәкен Сейфуллиннiң мерейтойына дайындалуға жауапты ұйымдастыру комитетiнiң мүшелерiн қабылдады.

Көкшетау. 10 қазан. Kazakhstan Today - Ақмола облысы атақты ақын және қоғам қайраткерi Сәкен Сейфуллиннiң 125 жылдығын атап өтуге дайындалуда.

Оның тұлғасы ел тарихында ерекше орын алады, сондықтан мерейтой Қазақстанның барлық аймақтарында тойланады. Бүгiн өңiр басшысы Ермек Маржықпаев Сәкен Сейфуллиннiң мерейтойына дайындалуға жауапты ұйымдастыру комитетiнiң мүшелерiн қабылдады.

Келесi аптада облыс орталығында Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттiк университетiнiң базасында ғылыми-практикалық конференция өткiзiледi. Ұйымдастырушылар атақты ғалымдарды және Сәкен Сейфуллиннiң туыстарын шақырады. Сонымен қатар, ақындар арасында "Мүшайра" облыстық конкурсын және басқа да бұқаралық iс-шаралар өткiзу жоспарланып отыр.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны