Республикалық арнайы мониторингтік топтың мүшелері Оралда жұмыс сапарымен болып қайтты
Орал. 23 қазан. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің жанынан құрылған республикалық арнайы мониторингтік топтың мүшелері Оралда жұмыс сапарымен болып қайтты.
Сапар аясында олар облыс орталығындағы оқу орындарында бірқатар кездесулер өткізді, Орал қаласындағы "Ашық әкімдік" жобасының, "Ақжайық -адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы филиалының жұмысымен танысты, Сырым ауданының активімен және Бұлдырты ауылының тұрғындарымен кездесті.
"Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі бүгінде басты назарды халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуге, сыбайлас жемқорлықтың өмірге кері әсерінің алдын алуға аудара отырып, ел аумағында сыбайлес жемқорлыққа қарсы күрес мәселесін реттейтін қандай заңнамалық нормалар бар екндігін түсіндіруде", - деді Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің бұқарамен байланыс департаментінің жетекшісі Арман Бердалин.
Сондай-ақ, арнайы мониторингтік топтың мүшелері облыс активімен - үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен, мемлекеттік органдардың және квазимемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің басшыларымен, құқық қорғау органдарының, прокуратура және сот өкілдерімен кездесті.
Қандай да бір мемлекеттік қызметті алуда алдан шығатын кедергілерді жоюға, төрешілдікті азайтуға және тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты түп тамырымен құртуға көмектесу арқылы "Ақжайық -адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің қызметі сыбайлас жемқорлықпен күресте ауқымды жәрдем жасап отыр. Дәл осындай кеңселер аудандардың барлығында ашылған, оларға облыстың кез-келген тұрғыны өз проблемаларын айтып және сұрақтарын қойып жүгіне алады, деп атап өтті іс-шараға қатысушылар.
Адамдардың санасын өзгерту керек, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа деген қарсылық мәдениетін қалыптастыру қажет, жұмыс кезінде сыбайлас жемқорлық қылмысқа қатысты деректерге екпін түсірудің орнына, халық арасында күшейтілген профилактикалық жұмыстар жүргізген жөн, десті кездесуге қатысушылар.
Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.