25.10.2019, 18:12 20966

Ақмола облыстық ПД Тергеу басқармасы бастығының орынбасары бюджет қаражатын жымқырды деп айыпталуда

Ол қылмыстық істер бойынша аудармашылардың қызметіне ақы төлеуге бөлінген жалпы сомасы 479 мың теңге бюджет қаражатын бірнеше рет жымқырды деген күдікке ілінді.

Алматы. 25 қазан. Kazakhstan Today - Ақмола облыстық ПД Тергеу басқармасы бастығының орынбасары бюджет қаражатын жымқырды деп айыпталуда.

Ақмола облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі облыстық Полиция департаменті тергеу басқармасы бастығының орынбасарына қатысты бюджет қаражатын жымқырды деген күдік бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Ол қылмыстық істер бойынша аудармашылардың қызметіне ақы төлеуге бөлінген жалпы сомасы 479 мың теңге бюджет қаражатын бірнеше рет жымқырды деген күдікке ілінді.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

Күдіктіге қатысты түпкілікті шешімді оның кінәсінің деңгейін анықтау арқылы сот қабылдайтын болады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны