30.10.2019, 12:40 16918

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті онлайн БКМ жәрмеңкесін өткізуде

2020 жылдан бастап ақша айналымымен айналысатын барлық кәсіпкерлер онлайн-БКМ қолдануға міндетті.

Нұр-Сұлтан. 30 қазан. Kazakhstan Today - Ақтау қаласындағы "Атамекен" ҰКП Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының аумағында жалпы республикалық бірыңғай Ашық есік күні аясында Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті техникалық қызмет көрсету орталықтары өкілдерінің қатысуымен Онлайн БКМ жәрмеңкесін өткізуде.

2020 жылдан бастап ақша айналымымен айналысатын барлық кәсіпкерлер онлайн-БКМ қолдануға міндетті.

Онлайн-БКМ интернетке қосылады және ФДО-ға ақша операциялары туралы мәліметтерді береді.

Белгілі болғандай, Онлайн-БКМ (онлайн- бақылау-кассалық машинасы) екі үлкен санатқа бөлінеді:

1. Аппараттық. Бұл карталарды қабылдап, чектерді басып шығара алатын дербес құрылғылар. Мұндай БКМ батареядан немесе тұрақты қуат көзінен дербес жұмыс істей алады.

2. Бағдарламалық. Бұл сіз бағдарламаны сатып алып, оны кез келген құрылғыға орната алатын жағдай: ноутбук, планшет немесе смартфон.

Салық төлеушілерге олардың бизнесі үшін қолайлы кассалық шешімдер туралы білуге, заманауи кассалық аппарат сатып алуға және оларды пайдалану бойынша кеңес алуға мүмкіндік берілді.

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны