30.10.2019, 13:04 16653

Шекарашылар Мемлекеттік шекара арқылы заңсыз өткізбек болған оқ-дәрілер,бал, кептірілген марихуананың жолын кесті

Зайсан шекара жасағының "Майқапшағай" шекаралық бақылау өткізу пунктіндеҚазақстан Респуликасынан ҚХР-ға жаяу 46 кг араның балын заңсыз алып өтпек болған 1986 жылғы туған Қазақстан азаматы ұсталды. "Майқапшағай" кедендік бекетінің санитарлық бақылау қызметкерлеріне тапсырылды.

Нұр-Сұлтан. 30 қазан. Kazakhstan Today - Шекарашылар Мемлекеттік шекара арқылы заңсыз өткізбек болған оқ-дәрілер,бал, кептірілген марихуананың жолын кесті.

Кеше Қорғас шекаралық бақылау жасағының "ШЫХО" шекаралық бақылау өткізу бөлімінде Қазақстан Респуликасынан ШЫХО-на "Тойота Прадо" автокөлігімен кетіп бара жатқан 1973 жылғы туған ҚР азаматы ұсталды. Көлігін тексеру кезінде табылған 7,62 калибрлік аң аулауға арналған қарудың патрондары ұстауға себеп болды. Айғақ заттар Панфилов аудандық полиция бөліміне тапсырылды.

Зайсан шекара жасағының "Майқапшағай" шекаралық бақылау өткізу пунктіндеҚазақстан Респуликасынан ҚХР-ға жаяу 46 кг араның балын заңсыз алып өтпек болған 1986 жылғы туған Қазақстан азаматы ұсталды. "Майқапшағай" кедендік бекетінің санитарлық бақылау қызметкерлеріне тапсырылды.

Сарыағаш шекара жасағының "Жібек жолы" автомобильдік шекаралық бақылау өткізу пунктінде Өзбекстан Республикасынан Қазақстан Республикасына жаяу келе жатқан 1993 жылғы туған Өзбекстан азаматынқызметтік иттің көмегіментексеру кезіндешалбарының қалтасынан пакеттегі кептірілген марихуана табылды. Түркістан облыстық ЭТД уәкілетті қызметкеріне тапсырылды, деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны