02.11.2019, 15:10 27007

"Еститін мемлекет" тұжырымдамасы дәйекті түрде іске асырылуда

Агенттіктің азаматтармен кері байланысының тағы бір арнасы - "Агенттіктің Call-орталығы 1424". Операторлар сыбайлас жемқорлық фактілері туралы, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіру жағдайлары туралы хабарламаларға тәулік бойы жауап береді.

Нұр-Сұлтан. 2 қараша. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы Президентінің нұсқауларына сәйкес Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі "Еститін мемлекет" тұжырымдамасы дәйекті түрде іске асырылуда.

Атап айтқанда, азаматтардың өтініштерін қарау тәсілдері түбегейлі қайта қаралды. Мұндағы міндет - Агенттікке жүгінушілердің әрқайсысын тыңдау және мәселе құзыретіне кірмейтін жағдайларда да көмектесуге тырысу.

Осыған байланысты азаматтарды қабылдау мерзімі ай сайыннан апта сайынғы уақытқа ауыстырылды.

Бұл ретте департаменттердің орынбасарлары мен басшылары қабылдауды күн сайын жүзеге асырады.

"Біз және біздің "Адалдық алаңы" жобалық кеңселеріміз көмегімен әр өтініш мұқият қарастырылып, мәселелер оң шешіледі.

Оған дәлел ретінде 2 мыңнан астам азаматтың бұзылған құқықтарының қалпына келтірілгенін айтуға болады", - деп өз сөзінде А. Шпекбаев атап өтті.

Ыңғайлы әрі қолжетімді болу үшін басқа қалалық азаматтарды қабылдау бейнеконференцбайланыс арқылы жүргізіледі.

Агенттік қызметкерлері қоғамдық белсенділерді тарта отырып, мобильдік қабылдаулар ретінде "Халық заңгері" қағидаты бойынша құқықтық көмек көрсету үшін ауылды жерлерге барады.

Агенттіктің азаматтармен кері байланысының тағы бір арнасы - "Агенттіктің Call-орталығы 1424".

Операторлар сыбайлас жемқорлық фактілері туралы, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіру жағдайлары туралы хабарламаларға тәулік бойы жауап береді.

Еуропаның алдыңғы қатарлы елдерінің тәжірибесі бойынша бүгінде ұстанымына берік азаматтардың хабарламаларының негізінде де қылмыстық істер қозғалуда.

Ағымдағы жыл ішінде келіп түскен 3,5 мың қоңыраудың 600-ге жуығы тіркелген.

Расталған фактілер бойынша 44 қылмыстық іс тергелуде.

Өткен жылмен салыстырғанда қоңыраулар (2018 жылдың осы уақыт аралығында 388) және тергеліп жатқан істер (21) іс жүзінде екі есе өскені байқалады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны