04.11.2019, 16:08 10562

Түркістан облысы полицейлері жанармай бекетіндегі сейфтен ақша жымқырған күдіктілерді құрықтады

Түркістан облысы полицейлері кәсіпкер азаматтарға өздеріне тиесілі ойын-сауық сауда орталықтар мен ғимараттарына дабылқаққышпен, бейнебақылау камераларын орнатуға кеңес береді.

Нұр-Сұлтан. 4 қараша. Kazakhstan Today - Түркістан облысы полицейлері жанармай бекетіндегі сейфтен ақша жымқырған күдіктілерді құрықтады.

Бәйдібек АПБ-не жергілікті тұрғын, жеке кәсіпкер шағым түсіреді. Оның айтуынша түнгі уақытта өзінің басқаруындағы жанар-жағармай құю бекетіне ұры түсіп, сейфтегі ақшасын ұрлап кеткен. Аталған жайт Бәйдібек АПБ-де ҚР ҚК-нің 188-бабы "Ұрлық" бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілген.

Аудандық полицейлерге арыз түсе салысымен, полицейлер тез арада жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу мақсатында оқиға орнына жетті. Ауданның тәжірибелі полицейлерінен жедел-тергеу тобы құрылды. Тәртіп сақшылары жақын аймақтарды түгел аралап шығып, куәгерлерден сұрастырып, қылмыскерлерді құрықтауға қажетті барлық іс-шараларды тыңғылықты жүргізді. Нәтижесінде камераға түсіп қалған бейтаныс азаматтардың бейнесі арқылы күдіктілердің жеке бастарын анықтады. Күдіктілердің біреуін үйінен, екіншісін аудан көшелерінің бірінен ұстады.

Полицейлердің анықтауынша күдіктілердің екеуіде жергілікті тұрғын, жұмыссыз жас жігіттер болып шықты. Тергеу барысында күдіктілер жанар-жағармай бекетінің күзетшісі ұйықтап жатқанда, алдындағы газ құю орнында пластиктен жасалған бөлменің есігін бұрағышпен (отверка) ашып, ішіндегі темір сейфтің құлпын бұзып, ондағы тұтынушыларға газды сатқаннан түскен 200 000 жуық теңгені жасырын ұрлап кеткені анықталды. Ұрлап алған ақшаларын өз қажеттіліктеріне жаратып жібергені де белгілі болды. Күдіктілерден айғақты зат ретінде бұрағыш (отверка) алынды. Бүгінде ұсталғандар өз кінәларын толық мойындаған, бас шарасы "қолхатта".

Қазіргі таңда күдіктілердің басқа да істерге қатыстылығы тексеріліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Өз кезегінде сенімді сейфінен ақшасын жоғалтып алған кәсіпкер, полицейлердің тынымсыз жұмысына рахметін айтты. Ақшасын жымқырған күдіктілерді тез арада ұстап, көмек қолын созғандары үшін тәртіп сақшыларына алғысын білдірді. Жұмыстарына сәттілік тіледі.

Түркістан облысы полицейлері кәсіпкер азаматтарға өздеріне тиесілі ойын-сауық сауда орталықтар мен ғимараттарына дабылқаққышпен, бейнебақылау камераларын орнатуға кеңес береді.

Бұл дегеніміз, ұрылардың жолын кесуге өз септігін тигізетін жағдайлар. Ал, егер ұрылар сіздің жеке меншік ғимаратыңызға түссе немесе осындай ұрлық жайтының куәгері болсаңыз, полицияның "102" нөміріне шұғыл хабарласыңыздар.

ТО ПД-нің баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны